Елбасымен сәтті түскен сұхбат

Тәуелсіз еліміздің жиырма алты жыл жүріп өткен жылдарының ішіндегі өтпелі кезеңнің ел экономикасының дамуына бастау алған 2003 жылдың орны ерекше. Елбасының елдегі реформалар мен инвистициялық инновациялық жобалармен кіші, шағын орта кәсіпкерлікті дамытудың бастауы осы жылдары қарқын алды. Бұған дейін Елбасының басшылығымен ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында тығырыққа тірелген экономикамыздың салаларын дамыту мақсатында «Мәдениет жылы», «Денсаулық жылы» қабылданып жүзеге асырылды. Сол жылдардың сәуір айының 15 жұлдызында Елбасы арнайы іс сапармен Қызылорда облысына келді. Елбасының қасында ауыл шаруашылық министрі А.Есімов болды.
Әуежайдан күтіп алған облыс әкімі С.Нұрғисаев, Сырдария ауданының бір қатар өндіріс орындары мен ұлттық және холдинг компаниялардың жұмыстарымен танысып, Қараөзек арнасында қытайлықтардың салып жатқан су тоспасының жұмыстарын көріп, түске таман Сырдария ауданының Қалжан Ахун ауылына ат басын тіреді. Шағын ауылдың мәдениет үйінде өткен кездесу жиінына облыстың іс басында жүрген азаматтар мен кәсіпкерлер, түрлі деңгейдегі ауылшаруашылық нысандарының өкілдері, ел ағалары, ардагерлер қатысты. Осы кездесу жиынға Бұқарбай батыр ауылының әкімі, осы жолдардың авторы менде қатысқан болатынмын. Ертеректе салынған мәдениет үйінің есіктен төрге қарай шығып төралқалар отыратын орынға бет алған Елбасы өтте жақсы көңіл күйде, отырған халықпен қол алысып амандасып, қал жағдайларын сұрап көтеріңкі көңіл күймен құрметті орынға жайғасты. Алғашқы халыққа арнау сөзін өзі бастап кетті.
- Алаштың анасы аталған, қазақтың қаймағы бұзылмаған, Сыр еліне жыл басында үлкен мақсатпен, ел экономикасында ерекше орын алатын, халықты асыраушы, күн көріс көзі ауылшаруашылығын заман талабына сай, өркендетудегі қабылданған «Ауыл жылының» бастамасын, Ислам дүниеснің қайраткері, иісі қазаққа белгілі ғұлама, ағартушы Қалжан Ахун ауылынан бастауды жөн көріп келіп, сіздермен ой бөлісіп, дидарласып, әруақтың табаны тиген топырақтан нәр алып, ісімізді батағалы келіп отырмыз - деп, жүрек тебірентерлік лебізін жеткізді.
Кездесу жиынды қорытқан Елбасы Сыр елінің соңғы жылдардағы өтпелі кезеңнен сәтті өтіп, нарық талабына сай жақсы істермен бастамаларды жүзеге асырып жатқандарына, бірліктері жарасқан халқына, ел ағаларына ризашылығын білдірді. Еліміздің сыртқы саясатында атқарылып жатқан ауқымды  жұмыстарынанда  хабардар етті. Сыр бойының халқы өмір талабына сай жаңа жетістіктерге жете береді деген сенімдемін деп, сөзін қорытты.  
Осы кездесу жиында алдыңғы қатардан орын алған менде, халықпен бірге тұрып Елбасына жақындай түстім. Жапатармағай Нұрекең мен қол алысу басталды. Менде қолымды беріп амандаса бастағанымда Елбасы берген қолымды жібермей төсімдегі «бейджімді» көріп, -  Ал, ауыл әкімі, ауылдың қал жағдайын баянда, - демесі барма. Тосын жағдайға іштей дайындалып келген менде:                                    
- Ассалаумағалейкұм, Нұреке! «Ауыл жылының»  басталуын  өзіңіз айтқандай, Алаштың анасы атанған Сыр бойынан, оның ішінде Ислам дүниесінің қайраткері, ғұлама, ағартушы Қалжан ахун ауылынан бастауыңыз өте құптарлық, Халықтың тілегінен шығуда.  Жыл басында жасаған игі қадамыңыз халықтан қолдауын табуда.   Біздер ауыл азаматтары «Ауыл жылының» бағдарламаларын орындауда бар күш жігерімізді салып еңбек етеміз. Сыр бойына келген сапарыңыз елге құтты қадам болсын дегенімде, сөзімді мұқият тыңдап тұрған Елбасы маған зер салып, байыппен қарап тұрғанын аңғардым.
- Рахмет, өзіңіде соны тілеймін, деді. Ауыл халқының жағдайы қалай деп төтелеп сұрақ қойды.  
Менде: - Халық өтпелі кезеңнің қиындықтарын жеңе отырып өтіп келеді. Ең бастысы бүгінгі нарық заманына түсіне бастады. Бұрыңғыдай мені мемлекет асырайды деген масылдықтан арылуда. Алғашқы жылдардағы жеке - жеке болып кеткен майда қожалықтар серіктестіктерге бірігіп, мемлекет тарапынан беріліп жатқан несиелер мен субсидияларды түрлі жеңілдіктердің пайдасын көріп жұмыс жасауда. Жанар жағар майлармен артық бөлшектерменде қамтамасыз етілуде. Ауыл тұрғындары мал ұстап, егін егуде, сауда саттық базардыңда нарқын игеруде дегенімде, Елбасы: – Бұл тек бастамасы, мемлекет тарапынан шаруаларға берілетін жәрдем несие субсидия көлемі артады. Жаңа техника, технология ауылға келеді. Ауыл шаруашылығында жаңа серпіліс даму болады. Бүгінгі қабылданып отырған «Ауыл жылының»  мақсатыда осында  деді. Ал сендер соны халыққа жан жақты түсіндіріп, бағдарламалардың  орындалуының ұйытқысы болуларыңыз керек. Сендер істің нақты орындалатын жерінде, елдің барлық тіршілігіне бас көз болып жүрген азаматсыңдар. Елдің қал жағдайы, ахуалы, жастар тәрбиесі, тәртібі, ауызбіршілігі сендердің түсініктеріңмен іс әрекеттеріңе байланысты, осы істердің ұйытқысы бола білу керек – деп, ақыл кеңес бергені әлі есміде.
Елбасының ақыл кеңесі ел қамы үшін айтылған өсиет сөздері мені қанаттандырып, бойыма күш жігер қайрат бергендей болды. Менде шабыттанып: - Нұреке, халқыңыз еліңіз сізбен бірге. Біз сіздің салихалы саясатыңызды қолдаймыз. Ел үшін жасап жатқан игі істеріңізді жүзеге асыруда аянбай еңбек етеміз. Елбасы да тілегіме риза болып, ал суретке түсейік деді. Осы кезде Болат Омаралиев мырзада суретке түсіріп жатты.
Елбасымен кездесудегі көтеріңкі көңіл күйде болған біздер бірнеше рет ескерткіш суретке түстік.
Нұрекең әңгімесінің соңында: - Еліңе салем айт, бүгін осында ұққаныңды халқыңа жеткіз деді. Осылайша Елбасымен  қоштасқан едім. Сол жолы мемлекет басшысы ауылдағы тіршіліктің барлық ауыртпалығын иықтарымен көтеріп, халқымен бірге жүрген ауыл әкімдеріне су жаңа автокөліктердің кілтін табыстады. Халық игілігі үшін мініп, қызмет атқаруымызға тілектестігін білдірген еді.
Елбасымен кездескендегі сәті түскен сұхбатымды еш уақытта ұмытпаймын.

Рысбай Кәрімов.
Бұқарбай батыр ауылының бұрыңғы әкімі, ҰОС қатысқандарға  теңестірілген Еңбек ардагері,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі,
Жалағаш ауданының құрметті азаматы.
ҚОҒАМ 04 желтоксан 2017 г. 609 0