Татулық пен достықты ту еткен елміз

Татулық пен достықты ту еткен еліміз әлемдегі көптеген мемлекетке үлгі көрсетіп келеді. Мемлекет басшысы қалыптастырған ұстаным негізінде тәуелсіз еліміздің сыртқы және ішкі саясаттағы басты бағыты ретінде татулық, бірлік пен саяси тұрақтылық маңызды рөл атқарады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз сан алуан ауыртпалықты бастан өткізгені белгілі. Қандай қиын сәт болса да, ел бірлігі мен қоғамдық келісім қалыптасты.
Бүгін біз барлық қазақстандықтармен бірге ерекше мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз. Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленген болатын.
Ел Президенті тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстарының авторы, әлемдік масштабтағы сарабдал саясаткер, өзінің халқына және Отанына берілген адам ретінде тарихта қалатын болады.
Қоғамдық-саяси өмірдегі жетістіктеріміз мемлекетімізді әлемдік қауымдастыққа мойындатып, өзінің лайықты орнын алды. Еліміздің осындай ерен табыстарына қуана отырып, біздер тәуелсіздік жылдары Қазақстанның қол жеткізген жеңістері Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен атқарылғанын сезінеміз. Қызылорда облысының барлық этнос өкілдері Елбасына біздің аймағымызға үнемі назар аударып, қамқорлық білдіргені үшін әрдайым риза. Осындай қолдау біздерге үлкен жауапкершілік жүктейді.

Галия ГИЗАТУЛЛИНА,
Татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі.
ҚОҒАМ 30 қараша 2017 г. 576 0