Әскери қызметшілер жылды қорытындылады

Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәжіліс залында жеке құрамының қатысуымен, 2017 жылды қорытындылау мақсатында ауқымды шара ұйымдастырылды. Аталған жиында департамент бастығының орынбасарлары, бөлім және қызмет бастықтары қызметтік міндеттеріне тиісті медицина, қаржы мәселесі, келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру, тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі баяндамалары тыңдалды.
Офицерлер құрамының жылдық есептері жоспарға сәйкес тыңдалынып болған соң, Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник М. Даулетбахов: алдымен, қорғаныс саласының әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне, басқарма, бөлім бастықтарына алда келе жатқан жаңа оқу жылына нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, 2018 жылдың жаңа ұраны «Ұлы дала әскері- Мәңгілік ел тірегі» екенін атап өтті.
М.Шымкентбайұлы: 2017 жыл еліміз үшін берекелі де, мерекелі жыл болды. «Қазақстан Республикасының президенті-Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н. Ә. Назарбаев: Қарулы Күштердегі қызмет қазақстандықтар үшін біздің Отан қорғаған бабаларымыздың ерлік дәстүрлерінен тамыр тартқан патриотизм мектебі»-деген болатын. Сондықтан құрметті әріптестер! Қызметтеріңізге жауапкершілікпен қырағылық таныта біліңіздер!- деген жылы лебізін жеткізді!
Жыл сайын дәстүрге айналған қорытынды жиынының тағы бір ерекшелігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірінің бұйрығына сәйкес, зейнеткерлік жасқа толған, 40 жылдан астам оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл жалпы жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің азаматтық персонал адамдары «Еңбек ардагері» медалімен наградтталды. Олар Қармақшы ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлері Қабақов Еділ Бекжанұлы, Мұратова Анаркүл Қаржаубайқызы, Жақсығұлов Әбдірахман Шәріпұлы.
Шара соңында, қорғаныс саласының басқарма, бөлімдері әр түрлі номинация бойынша марапатталды.
Қызылорда облыстық филормония өнерпаздары жеке құрамға әннен шашу-шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің бастығы А.Шағырбаева.
ҚОҒАМ 29 қараша 2017 г. 689 0