Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің семинары болып өтті.
Семинар жұмысына облысқа қарасты барлық аудандардың кенттері мен ауыл округтерінен, Қызылорда қаласы аумағындағы кенттер мен ауылдық округтерінен барлығы 30 кеңес төрағалары мен мүшелері қатысты. Семинарды облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А.Жұмабаев жүргізіп отырды.
Шарада «Медиация дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының директоры Л.Бақтыбаева «Дауларды баламалы шешу ұғымы және медиация ұғымы», «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Б.Камалов «Аймақта діни экстремизмге қарсы тұру және алдын алу мәселелері» тақырыптарында баяндамалар жасады. Баяндамалардан кейін семинарға қатысушылар пікір алмасты. Қоғамдық келісім кеңестерінің қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына қосар үлесі айтылып, кеңестердің этносаралық және дінаралық араздықты болдырмау және діни экстремизмді алдын алу бойынша жоспарлаған шаралары талқыланды.