Нидерландыдағы Вагенингенский университетінің ғалымдары Марс «топырағында» жауынқұрттардың тіршілік ете алатындарын дәлелдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Phys.org басылымына сілтеме жасап.
Ғалымдар әзірге Марстікінің орнына Гавай аралдарындағы жанартаулардан алынған «топырақты» пайдаланған. Зерттеушілер оны шошқа қиы, өсімдік қалдықтарымен араластырып, үстіне руккола отырғызып, жауынқұрттарды жіберген. Нәтижесінде жауынқұрттардың органикалық қоспасы бар топырақты жақсылап араластырып, азот, фосфор және калий сынды заттар бөліп шығаратыны анықталған.
Бұдан өзге олар топырақты ауа және ылғалмен қамтамасыз етеді. Мұнымен қатар, жауынқұрттар осындай топырақта еркін көбейе алады. Ғалымдар аталған жанартау топырағында үрмебұршақ, бұршақ және шалғам секілді адамға зияны жоқ көкөніс түрлерін өсіріп көрген. Зерттеу авторлары осы еңбектерінің арқасында өзге әріптестері Марс планетасында жабық экожүйе құра алатындарына сенімді.