« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Достық үйінде» қаржылық бақылау жүйесінің 25 жылдығына орай мерекелік салтанат өтті. Қазақстанның қаржы жүйесінің тарихы өткен ғасырдың 20-шы жылдарына жетелейді. Ал Тәуелсіз еліміздің қаржылық бақылау жүйесінің құрылуы нарық талаптарынан туындады. Мемлекеттік қаржы бақылау комитетіне бюджет қаражатының пайдаланылуын тексеру, материалдық игіліктердің сақталуы мен дұрыс жұмсалуын бақылау жүктелді. Қазіргі уақытта Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің облыстағы департаментінде ел экономикасының өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген мамандар жетерлік.
Ширек ғасырлық мерекенің салтанатына облыс әкімінің орынбасары Қ.Ысқақов қатысып, барша әріптестеріне құттықтау лебізін жеткізді. Жүйені нығайтуда жүргізілген реформаларға сала мамандарының қосқан үлесіне жоғары баға берді. Бюджет қаржысына қырағылықпен бақылау жасап, ел ырысын ысыраптан қорғап салада ұрпақтар сабақтастығы сақталып келеді. Аға буын өздерінің ізін басқан білікті, жауапты шәкірттер тәрбиеледі.
Мерекеде департамент қызметкерлеріне комитеттің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, басқа да марапаттар тапсырылды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |