2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстанда аса маңызды мереке - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні. Бұл мереке 2011 жылғы 14 желтоқсанда құрылды.
1 желтоқсан күні кездейсоқ таңдалған жоқ. 1991 жылы бұл күні қазақ жерінің барлық тұрғындары үшін ең маңыздысы болды. Дәл осы күні республикамыздың миллиондаған азаматтары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауыс берген. Президенттік сайлау қазақ халқының бірлігі мен ұйымшылдығын көрсетті.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кеңестік тоталитарлық жүйе жағдайында мансап сатысының барлық кезеңдерін өтті. Елдің көшбасшысы қазақ қоғамындағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға үлкен көңіл бөлетіндігін көріп отырмыз. Бүкіл әлем үшін біздің еліміз ұлттық бірлік пен этносаралық төзімділіктің үлгісі болды. Ол әлемнің ядролық қарудан бас тартуы және Семей ядролық сынақ полигонын жауып тастауы керек деп бірінші айтқан болатын - бұл шешім бүкіл адамзаттың әлемдік қауіпсіздік тарихына енгізілген.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орай, көптеген қазақстандықтар жүріп өткен жолдарын бағалайды. Жыл сайын халыққа үндеу жасайтын бүкіл әлемдегі жалғыз президент. Әзірленген стратегиялық жоспарлау үлгісі Қазақстан экономикасын алға жылжытады. Елдің жетістіктері халықтың таңдауы дұрыс болғанын көрсетеді.
Руслан Бекбембетов,
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, №2 МӨСБ, азаматтық қорғау подполковнигі.