Әскери ұстаздың - жауапкершілігі мол!

Қазақ халқының даналары: «Ер жігіттен не пайда, қолына қару алмаса, елін, жарын, туғанын дұшпаннан сақтап қалмаса» - деген болатын. Бұл қанатты сөз арқылы сонау ықлым замандағы ержүрек 15-16 жастағы бозбалалардың «Жер анаға» - деген намысы мен құрметтілігін байқауға болады.
Ал қазіргі таңда көк туымыз көк аспанда желбіреп, ұйқымыз тыныш, көңіліміз тоқ, өмір сүрудеміз. Бейбіт күндегі ер - жігіттерімізге қолға қару алып, ерлік жасау шарт емес. Тек міндеті әскер қатарына барып, Отан алдындағы борышын өтеу болып табылады.
- Мен ел алдындағы міндетімді білім алуыма байланысты өтей алмай қалдым. Сондықтан 40 күндік әскери мектептің курсанты болуды жөн санадым , -дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Айболат Оспанұлы.
Ерназаров Айболат 1994 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Жастайынан ішкі істер саласында қызмет атқарған әкесінің қызметіне қызығушылық танытып өскен бозбаланың да арманы форма кию болатын. Мектеп қабырғасынан математика пәні мен спортты жанындай жақсы көріп, ұстаздарына қарап бой түзей, ер жетеді. Мектепті жақсы бағада аяқтаған Айболат, әскери ұстаз болуға шешім қабылдайды.
Жас түлек Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша оқуға түседі. 2016 жылы оқуды үздік бітіріп, Қызылорда қаласындағы «Әскери техникалық мектепке» құжатын тапсырады. 40 күнде бір жылдық әскери өмірдің қыр-сырымен танысып, ондағы казармалық тәртіпті, таңғы жаттығудан өзге де саптық дайындық дәрістерін және әскери міндеттерді бұлжытпай орындап, әскери -техникалық мектепті ойдағыдай бітіреді.
Қазіргі таңда А.Оспанұлы қаламыздағы үш тілде білім беретін «Мұрагер» мектебіне «Бастапқы әскери дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушы қызметін атқаруда. Айболаттың айтуынша, патриоттық сезімді жастарға мәнді және мағыналы сусындату үшін, алғашқы әскери дайындық пәні жетекшісінің білімі, тәжірибесі мол және жоғары болу тиіс. Сондықтан оқушыларыма алғашқы әскери дайындық сабағы арқылы бойларына патриоттық сезімді оятуға және сол арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру бағытында үздіксіз ізденісте боламын. Себебі, бозбалалардың алған теория және практикасы толық және мәнді болса әскери істің қиындығына төзуге, тез меңгеріп кетуге, септігі көп, - дейді. Осы мақсатта, Айболаттың мамандығына деген сүйіспеншілігі арқылы, болашақ еліміздің офицерлеріне алғашқы әскери өмірдің бағдарын көрсететін құрметті ұстаз болады, - деген мол сенімдеміз.

Қызылорда қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасының қоғаммен байланыс жөніндегі көмекші С.Тыным.
ҚОҒАМ 22 қараша 2017 г. 769 0