АГРОӨНЕРКӘСІПТЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АУҚЫМЫ КЕҢ

АГРОӨНЕРКӘСІПТЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АУҚЫМЫ КЕҢ
Кеше «Сыр медиа» ЖШС-на қарасты облыстық коммуникациялар орталығында ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде баспасөз мәслихаты өткізілді. Журналистермен жүздесуге облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Омархан Пашкенов келді. Аталмыш шараны «Сыр медиа» ЖШС директорының орынбасары Нұрлан Соңғыбаев жүргізді.
АГРОӨНЕРКӘСІПТЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АУҚЫМЫ КЕҢМемлекеттік қолдаудың арқасында облыстың агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бөлінген қаржы жыл санап артып келеді. Биыл аграрлық секторды мемлекеттік қолдауға 6,2 млрд. теңге бөлінеді деп күтілуде. Былтыр саланың жұмысына 5,5 млрд. теңге бөлінді. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 44,7 пайызға артық. Өткен жылы 48,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Қазіргі таңда аймақта күріш шаруашылығын дамытуға мән беріліп отыр. Осы мақсатта арнайы консорциум құрылып, күріш кластерін қалыптастыру және қазіргі нарық заңдылығы талаптарына сәйкес бәсекеге қабілетті өнім шығаруға назар аударылды. Соның нәтижесінде күріш кластерінің қызметін қалыптастыру мақсатында «Жалағаш элеваторы» сатып алынып, шаруалардан күріш салысының әр келісі 40 теңгеден қабылданды. Былтыр күріштен рекордтық өнімге қол жеткізіліп, орташа есеппен әр гектардан 48,8 центнерден өнім жиналды. 
–АГРОӨНЕРКӘСІПТЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АУҚЫМЫ КЕҢҮстіміздегі жылы шаруашылықтардың барлық нысандары бойынша 157,6 мың гектар егіс егу межеленіп отыр, – деді О.Пашкенов журналистерге. – Оның ішінде басты күріштің көлемі 78,7 мың гектарды құрайды. Қалған бөлігі мал азығындық, картоп, көкөніс-бақша, майлы және техникалық дақылдар еншісіне тиеді. Ауыл шаруашылығы дақылдары көлемін әртараптандыру мақсатында мал азығындық дақылдардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1856 гектарға ұлғайтылды. Сонымен қатар, жыл сайын көкөніс-бақшаны тамшылатып суару көлемін арттыру көзделуде. 
Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына дейінгі мәлімет бойынша біздің өңірде 240,8 мың мүйізді ірі қара, 581,2 мың қой мен ешкі, 75,2 мың жылқы, 33,3 мың түйе және 91,1 мың құс өсірілуде. Қазіргі таңда келешекте ет өндірісімен айналысатын фермерлік шаруашылықтар ұйымдастыруға көңіл бөлініп отыр. Бұл жұмыс «Мүйізді ірі қара етінің экспорттық әлеуетін көтеру» жобасы бойынша қолға алынуда. Осы мақсатта «Қазагро» АҚ арқылы 7 жылға 6 пайызбен жеңілдетілген несие беру жолға қойылған. Аталмыш бағдарлама аясында былтыр 73 фермерлік шаруашылықтар құрылды. Осының арқасында 468,3 млн. теңге көлеміндегі жеңілдетілген несиеге және шаруашылықтардың өз қаржысы есебінен 2964 аналық сиыр мен 169 асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алынған. Облыста мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы аясында жұмыстар атқарылады. Оның жоспарына сәйкес үстіміздегі жылы біздің өңірде 1700 ірі қара малын сатып алу көзделіп отыр.
АГРОӨНЕРКӘСІПТЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АУҚЫМЫ КЕҢШаруашылықтар ауыл шаруашылығы машина-трактор паркін жаңалау мақсатында «Қазагроқаржы» АҚ арқылы лизингілік жолмен 136 техникаға қол жеткізді. Өткен жылы «АзовАралАгромаш БК» ЖШС 30 дана күріш, 6 шөп оратын жаткалар мен 24 дана шөп тайлағышты құрастырып шығарды. Шиелі кентіндегі мал сою пункті және «Бөген» СДО» ЖШС бойынша 2 жоба іске қосылды. «Дипломмен – ауылға!» жобасы шеңберінде 115,1 млн. теңге көтерме жәрдемақы бөлініп, оған 372 маман қол жеткізді. Сондай-ақ, аталмыш шара барысында 351 маман тұрғын үй алып, бұл мақсатта 861,2 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді. 
 Шара барысында Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директорының орынбасары Ибадулла Тәутенов сорттарды жаңарту бағытында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді. 

Әділжан ҮМБЕТ. 
ҚОҒАМ 13 ақпан 2014 г. 1 047 0