МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ ТУРАЛЫ

Белгілі бір мемлекеттік мекемеде қызмет атқарып жүрген қызметші ерте ме, кеш пе, тікелей немесе жанама сипатта мүдделер қақтығысымен әйтеуір бір ұшыраспай тұрмайды. Себебі, біздің қоғамдық өмірімізде бұған жол ашып беретін салдарлар көп. Сондықтан, соңғы уақыттары бұл мәселеге айрықша назар аударыла бастады.
Қазіргі заманғы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, транспаренттілік пен мемлекеттің есеп беріп тұруы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамда маңызды реформа ретінде айқындалды. Онда жемқорлықтың мемлекет пен мемлекеттік биліктің жұмыс жасаушы негізгі қағидаларына нұқсан келтіретіні атап көрсетілді. Осы ретте мемлекет пен қоғамды кең ауқымда жаңғыртудың жаңа кезеңінің Қазақстанда жемқорлық құқықбұзу­шы­лық­тар жасалатын жағдайларды азайтып, жойып жіберу жөніндегі кешенді, жүйелі жұмыс­тар­ды белсендіре түсетінін айта кетуіміз керек.
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қар­сы әрекет етудің түйінді тетіктерінің бірі – Үкі­меттің және басқа да барлық мемлекет­тік органдар жұмыстарының жариялылығы мен ашықтығы принциптерін жүзеге асыру мем­лекеттік қызметте мүдделер қақтығысы­ның алдын алуға ықпал ететіні белгілі болып отыр.
Жалпы, мүдделер қақтығысы дегеніміз – материалдық немесе басқа да әлеуметтік мәні бар игіліктерге қол жеткізу мақсатында сату және сатып алу әрекеттерін жасау неме­се мемлекеттік билік уәкілдіктерін эквива­лент­ті алмастырудың басқа да пішіндері. Мүдделер қақтығысы мемлекеттік қызмет­ші­лердің билік уәкілеттілігін өзінің жеке мүддесіне пайдалануларынан көрінеді. Бұл жағ­даяттың қаншалықты «терең» екені өз пай­дасы үшін сондай қадамға барған мем­ле­кеттік қызметшінің жеке басы арқылы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметтегі құқықтық, ұйымдастырушылық және адам­гершілік тұрғысындағы «олқылықтарға» қатыс­ты пайдакүнемдік факторлары арқылы айқындалады.
Мүдделер қақтығысындағы басты салдар – лауазымдық функцияларды орындау сапа­сы­ның төмендеуі, түрлі мемлекеттік және қоғамдық салалардың девальвациясы, көп­ші­ліктің мүдделерін тәрк ету. Бұл кереғар құбылыс мемлекеттік қызмет құндылығына ғана қауіп төндірмейді, сонымен бірге, тұ­тас­тай алғанда, мемлекеттің ұйымдасты­ру­шы­лық, құқықтық және адамгершілік негіз­де­ріне елеулі нұқсан келтіреді. Ол көпші­лік­тің мүддесін жеке адам мүддесіне ал­­мас­­тырып, «заңмен жұмыс істеу» мен заң талап­тарын орындауды, құпияларға ие және бұ­қаралық ресурстарға (материалдық, қаржылық, ақпараттық және т.б.) қолжет­ім­ді­лікке жеткізілген мемлекеттік қызмет­ші­лер­дің толеранттылық және теңдік принцип­терін жекенің мүддесіне қарай бүлдіреді.
Мүдделер қақтығысы мемлекеттік қыз­мет­шінің ресми міндеттерін орындау кезінде өзінің жеке мүддесі үшін қызмет бабын пайдаланып, біреуге ықпал жасамақ әрекеті арқылы көрініс береді. Мемлекеттік қызмет­шінің өзі, оның отбасы, ата-аналары, дос­тары немесе жақындары, іскерлік немесе сая­си қарым-қатынасы бар жекелеген тұлғалар мен ұйымдар үшін артықшылықтар жасаған кез келген әрекеті – оның жеке мүддесін көздегені. Жеке мүддеге сондай-ақ осы мемлекеттік қызметші мойнына алған кез келген қаржы немесе азаматтық міндет­теме жатады.
«Мүдделер қақтығысы» ұғы­мын түсіну оншалықты қиын болмаса керек, себебі «мүд­де» мен «қақ­ты­ғыс» сөз­де­рін түсін­бейтін адам жоқтың қасы. Бірақ бұл тір­кестің тұтастай алғанда қан­дай мағына бере­тінін ешкім дәл айтып бере ал­майды. Шын мәнінде «мүд­делер қақтығысы» мем­ле­кеттік қыз­мет, жемқор­лық­қа қарсы күрес және нормативті құқық­тық актілер туралы халық­аралық, шетелдік және отандық заң­на­мада кездесетін барын­ша күрделі де көп мағыналы ұғымдар­дың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңна­масына сәйкес, мемлекеттік қызметші өзі­нің іс-әрекетінде заң принциптерін, Консти­­­туция талаптарын, Қазақстан Рес­публи­касының заңдары мен басқа да нор­ма­тивті актілерін, жалпы қабылданған мораль­дық-этикалық нормаларын бас­шы­лық­қа ала отырып, жеке және заңды тұл­ға­лар­дың құқықтарын сақтауға, бостан­дық­та­ры мен заңды мүдделерін қорғауға тиіс. Осы тұрғы­да, заңнамада «мүдделер қақтығысы» ұғымы бірінші кезекте мемлекеттік қызметте қолданылады. Сол сияқты, «мүдделер қақ­ты­ғысы» ұғымы және олардың туын­да­уын болдырмау тетіктері әдеттегідей Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларында өз түсіндірмесін бере­ді. Яғни, «мүдделер қақтығысы» ұғымы Қазақстан Республикасының қазіргі қол­да­ныс­тағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Рес­пуб­ли­­касының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары деңгейінде қарастырылған.
Келтірілген заңдарда мүдделер қақты­ғы­сы­ның саласы, субъектілері мен ықтимал салдарлары анық және біртекті анықталған. Соны­мен бірге, мүдделер қақтығысын рет­теу жемқорлыққа қарсы маңызды тетік ретін­де шетелде де кең қолдау тапты және осы тұрғыда Қазақстан Республикасында мем­лекеттік қызметтегі мүдделер қақты­ғы­сын тізгіндеудің тиімді жолдары бүгінгі күнде зерделенуде.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметі саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қ.Әбілдаев.
ҚОҒАМ 08 қараша 2017 г. 1 508 0