Облыс орталығындағы жетімдер үйінің тәрбиеленушілері мен мектеп бітіруші түлектері арасында «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілдері брифинг өткізді. Оның мақсаты холдинг қызметімен таныстыру және Атырау қаласындағы мұнай-газ саласындағы мамандарды дайындау және қайта дайындау өңіраралық орталығы «APEC Petrotechnіc»-тің болашақ ықтимал талапкерлермен кәсіптік бейімдеу жұмыстарын жүргізу.
Брифинг барысында өңіраралық орталыққа түсу тәртібі мен ережелері, оқу шарттары мен оның артықшылықтары жайлы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндағы бір ерекшелік мектеп бітірушілер математика мен ағылшын тілінен тест тапсырып, іріктеудің бірінші турынан өту мүмкіндігіне ие болады. Одан сәтті өткен оқушылар Атырау қаласындағы «APEC Petrotechnіc» колледжінде канадалық нұсқаушылар өткізетін тестілеудің екінші турына автоматты түрде өтеді.
Екінші тур Атырау қаласында биылғы 7-28 шілде аралығында өтеді. Онда талапкерлер математика, физика, химия және ағылшын тілі пәндерінен емтихан тапсырады. Ал оқуға қабылданған талапкерлер тікелей қатаң іріктеуден өткен және жоғары білікті шетелдік оқытушылардан білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі колледж санатындағы «APEC Petrotechnіc» акционерлік қоғамының алғашқы жобасы саналады. Мұнда холдингтің стратегиялық әріптесі әрі мұнай-газ саласында кадрлар дайындаудағы әлемдік лидер Оңтүстік Альберта (Канада) институты SAІT Polytechnіc-тің жоғары білікті оқытушылары дәріс оқиды.
Аталған оқу орнына түскісі келетін талапкерлер 11 сынып және басқа колледждер мен жоғары оқу орнын бітірушілер болуы мүмкін. Оқу процесінде студенттер ағылшын тілін және мұнай-газ ісінің негіздерін тереңдеп оқып, білетін Foundatіon бағдарламасын өтеді. Бұл бағдарламаны сәтті аяқтаған жағдайда студент қалаған мамандығы бойынша оқуын жалғастырады.
Біздің анықтама: «Кәсіпқор» Холдинг» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ҚР Yкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі қаулысымен құрылған. Толығырақ ақпаратты «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ www.Kasіpkor.kz. сайтынан ала аласыздар.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.