Тарихи танымы мол экспедиция

Қарашаның 1 жұлдызында біз облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Ұлы Дала Елі» тарихи-танымдық экспедицияның екінші кезеңіне қатысып қайттық. Бұл жолы Қазалы, Қармашқы аудандарының киелі жерлері, тарихи-мәдени нысандармен таныстық.
Тағылымы мол экспедиция барысында мол мағлұмат алдық. Әсіресе, Жанкент қалашығының гүлдену дәуірі, ондағы сауда қатынастары, малшаруашылығының дамуы, археологиялық қазба жұмыстары қызығушылығымды оятты. Киелі Қармақшы ауданында орналасқан Қорқыт ата мемориалды ескерткішіне барып, оңаша тілек тілейтін жер асты мінәжат үйіне кіріп, баба рухына тағзым еттік. Сондай-ақ, Рим дәуіріндегі архитектуралық құрылыс үлгісінде салынған амфитеатрды тамашаладық.
Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіре отырып, алдағы уақытта да осындай игі шаралар жалғасын таба берсе дейміз.
Гульчин Гейдарова,
түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі







ҚОҒАМ 03 қараша 2017 г. 494 0