Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Достық үйінде кәсіби емес медиаторларды «Медиацияның негіздері» тақырыбында оқыту семинары өтуде.
Оған «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Асылбек Жұмабаев, облыс бойынша «Медиация дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының директоры Ләззат Бақтыбаева, «Қоғамдық келісім» КММ сарапшы-медиаторы Нұрлан Тасыбаев, қала мен аудандардағы кәсіби емес медиаторлар қатысуда.
Семинардың мақсаты Қазақстан халқы ассамблеясы қызметі аясында медиация институтын дамыту арқылы еліміздегі қоғамдық келісімді қамтамасыз ету.
Семинар барысында
• Дауларды баламалы шешу ұғымы және медиация ұғымы
• Медиацияның негізгі қағидаттары және құралдары
• Медиация және медиация рәсімі
• Тараптардың мүдделерімен жұмыс істеу
• Медиациядағы келіссөздер процесінің ерекшеліктері
• Даушарлар ұғымы және оларды жіктеу
• Медиацияда наразылықтарымен жұмыс істеу
• Медиация рәсіміне қатысуға тараптардың өкілдерін, сарапшыларды және басқа да тұлғаларды тарту тақырыптарында оқыту жүргізіліп, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісуде.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі