ҚАЙ ҚОҒАМДА, ҚАЙ ЕЛДЕ БОЛМАСЫН ӘЛІПБИ ЖАСАУ - ҰЛТТЫҚ МӘСЕЛЕ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 гимназияның директоры Данабек Әбдраимов мәлімдеді.
"Қай қоғамда, қай елде болмасын әліпби жасау - ұлттық мәселе. Көпшілік арасында түсінбестік тууда. Халыққа тіл үйрілмейді, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі жасалады.
Бұл - қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы. Расында, кириллица арқылы тілдік қорымызға орыс дыбыстарын енгізіп алдық. Тілімізді сақтаймыз десек, орыс тілінің дыбыстарын енгізбеуміз керек. Осыдан кеп қазақ тілінің үндестігі бұзылады. Осыған байланысты тіл жанашыларлары дабыл қағуда.
Әліпби ауыстыру - бұл өз тіліңді ұмытып, өзге тілге көшу емес, ана тілімізді түлетіп, қоғам сұранысына сай қолданыс аясын кеңейтіп, осы заманғы ғылыми прогреске икемді ету", - деді Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 гимназияның директоры Данабек Әбдраимов.
ҚОҒАМ 02 қараша 2017 г. 605 0