АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингтік жүйесі арқылы негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Нәтижесінде ең арзан өнімдерді аудандар мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.

Қызылорда. «Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде нан – 45-50, қант – 230, сары май – 450, өсімдік майы – 310, шай (250 грамм) – 560, жұмыртқа – 23, қарақұмық жармасы – 280, сиыр еті – 1280, тауық еті 630-670 теңгеден сатылуда.

«Ажар» сауда үйінде қант – 190-200, шай – 1400-1800, өсімдік майы – 310, макарон – 140, жұмыртқа – 22, қарақұмық жармасы – 340, күріш – 200, тауық еті 600 теңгеден сатылып жатыр.

«Мирас» сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада картоп – 110-115, бас пияз – 75-80, сәбіз – 100-105, қырыққабат – 55-60, қызылша 120 теңгеден сатылуда.

Арал. Арал қаласындағы «Жаңа базарда» бас пияз – 85, қырыққабат – 60, сәбіз – 100, қант – 210-220, қарақұмық жармасы – 200, «Алтай» базарының жанындағы жеке кәсіпкер Т.Исмайлованың дүкенінде қант – 220, қарақұмық жармасы – 210, өсімдік майы – 330, макарон өнімдері 115-125 теңгеден сатылуда.

Қазалы. «Фея перизат» сауда үйінде қант – 230, арпа жармасы – 100, қарақұмық жармасы – 250, жұмыртқа – 22, пияз – 80, картоп – 130, сәбіз – 120, қырыққабат – 60 теңгеден сатылса, «Нұр-Дәулет» әлеуметтік дүкенінде күріш – 160-180, өсімдік майы – 310, қант – 230, «Пиала» шайы (250 гр) – 550, макарон өнімдері – 140, ұнтақ жармасы – 120, қарақұмық жармасы – 250, құс еті – 650, жұмыртқа – 22, картоп – 130, жуа – 100, сәбіз – 120, қырыққабат – 70, сары май 380-450 теңгеден саудаға шығарылуда.

Қармақшы. «Сұлтан» сауда орталығы, «Орда» көтерме сауда орталығы және «Жандос» дүкендерінде картоп – 120-130, сәбіз – 120, жуа – 90, қырыққабат – 80, жұмыртқа – 20-23, ұн 1 сорт – 94-96, нан – 60, тауық еті – 600, өсімдік майы – 310-380 теңгеден, ал «Таңсықбай», «Бибінұр» базарларында картоп – 130, жуа – 100, сәбіз –130, қырыққабат 90 теңгеден сатылуда.

Жалағаш. «Бәйтерек», «Жібек» базарларында картоп – 120, сәбіз – 120, бас пияз – 90, ет – 1400, жұмыртқа – 22, қырыққабат – 70, «Ақниет», дүкенінде І сұрыпты бидай ұны – 80, нан – 45 , жұмыртқа – 22, өсімдік майы – 325, бас пияз – 90, сәбіз –120, картоп – 120, тауық еті – 600, қырыққабат – 70 теңге. «Әзиза» әлеуметтік дүкенінде ұн 1 сортты – 80, өсімдік майы – 320, картоп – 120 теңге.

Сырдария. «Өркен» және «Серікбол» дүкендерінде нан – 50, өсімдік майы – 330-340, қант – 210, картоп – 120, сәбіз – 110, бас пияз – 65, қырыққабат – 65, тауық еті – 600-630, жұмыртқа – 16, «Бақытжан», «Нұр» дүкендерінде жұмыртқа – 17, өсімдік майы – 350, қант – 220 теңгеден сатылуда. «Коммуналдық» базарында нан – 50, өсімдік майы – 350, қант – 220, жұмыртқа – 17, бірінші сортты бидай ұны 87 теңгеден тұтынушыға ұсынылуда.

Шиелі. «Ә.Шорабаев» базарында картоптың – 100-130, бас пияз – 60-80, сәбіз – 80-110, қырыққабат – 50-80, өсімдік майы – 280-370, қант – 210-230, жұмыртқа – 20-23, тауық еті – 650-680, ет – 1400, тұз – 40 теңгеден алуыңызға болады. Сонымен қатар, І сортты бидай ұны – 84-100 теңге.

Жаңақорған. «Нұр» базарында және «Мағжан», «Заңғар», «Сырдария», «Кәусар», «Нұрәділ», «Нұрасыл» дүкендерінде ұн 1 сорт – 86-96, нан – 50-70, өсімдік майы – 310-380, картоп – 120, бас пияз – 65-80, сәбіз – 100-120, қырыққабат – 50-65, тауық еті – 550-670, жұмыртқа – 22-23, ет 1400 теңгеден сатылуда.
ҚОҒАМ 31 қазан 2017 г. 566 0