« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көргеннен бастап қоғамда қызу талқыланып келеді. Әсіресе, әліпби мәселесі жұртшылықтан қызу қолдау тапты.
Елбасының ұзақты болжайтын көрегендігі мен сындарлы саясаты тәуелсіз мемлекетімізді одан әрі өркендетері сөзсіз. Президенттің латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін бекіту туралы Жарлығын өзім қуанышты жаңалық ретінде қабылдадым. Ғалымдар да, тарихшылар да, тіл мамандары да өз жұмысын жасады. Ең бастысы, халықтың талқысына салып, көпшіліктің сүзгі елегінен өткізіп алды. Ел қабылдаған, қоғам қолдаған нұсқаны бекітті. Бұл тарихи шешім арқылы ғылым мен ақпаратта үлкен жетістіктерге жететінімізге сенімім кәміл. Өйткені, латиница бізді ғылым мен жаңа технологияларды игеруге жақындата түсері анық. Бұл тұрғыдан алғанда ғылым-білімге құштар жандар мен цифрлы технологияны игергісі келетіндер латын әліпбиін тезірек меңгереді деп ойлаймын.
Дегенмен, алдағы уақытта жаңа әліпбидің іске асыру тетіктерін бағдарлау, ғылыми-әдістемелік жоспарын жасау, көпшіліктің кеңесін зерделеу секілді тағысын-тағы міндеттер толып жатыр. Сондықтан да, әліпбидің ережелерін, оқулықтарын, мамандарын дайындау ісіне асықпай, үлкен дайындықпен келу қажет деп есептеймін.
Болат БОРАНБАЙ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушысы,
филология ғылымдарының кандидаты.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |