КҮРЕСКЕНДЕ ӘДІЛДІККЕ КҮШ БІТЕР

Бүгінде біреудің алғаусыз сеніміне кіріп, төріне шығып, ақырында оның қалтасын қағып, қапыда алдап кететіндер туралы аз айтылып жүрген жоқ.
Қазақ ондайды «асыңды ішіп, төсегіңді тілетіндер» дейді. Әділдіктің ақ алмасы қай кезде де мұндайлардың адымын аштырмай, басын тұқыртқан, бармағын шайнатқан.
Біздің редакциямызға алғыс арқалап келген хат та алаяқтықтан қалай арашаланғанын айтып отыр.

***

Маған басқа біреудің атындағы пәтерді сатып, сазға отырғызбақ болған Б.Б. деген сабаздың қолында кеткен қомақты ақшамды қайтарып алу үшін Қызылорда қалалық сотына жүгіндім.
Қалалық соттың судьясы Эльмира Ахметова талап арызымды тиянақты түрде зерделеп, сот қарары Б.Б.-дан ақшамды өндіріп беру жөнінде шешім шығарды. Ал, алдампаз Б.Б. болса, қалалық соттың шешімімен келіспей, облыстық соттың апелляциялық сот алқасына шағымданды.
Қызылорда облыстық сотының апелляциялық сот алқасы құрамында төрағасы А.Шығамбаев, судьялар К.Қаниева мен З.Нұрсейітов тараптардың қатысуымен істі жан-жақты қарап, бірінші сатыдағы сот күшін өзгеріссіз, шағымды қанағаттандырусыз қалдыру жөнінде шешім қабылдады.
Мені осынша әуре-сарсаңға салған осы азаматтық істі қарау барысында судьялар тарапынан барлық тараптарды мұқият тыңдап, құжаттарды толық зерделеп әділ шешім қабылдаған заң қызметкерлеріне шын жүрегімнен алғысымды білдіремін.
Сондай-ақ, түсірген талап арызымды таразылап, апелляциялық шағым бойынша сот ісіне қатысқан менің өкілім, заңгер С.Жәрекеевке де рахметімді айтамын және барлық уақытта әділ сот жолындағы жұмысына табыс тілеймін.

А.ЖҮСІПОВ,
Қызылорда қаласының тұрғыны.
ҚОҒАМ 27 қазан 2017 г. 604 0