« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған жарысқа
Қоғам мен адам өмірінің алдында тұрған бірінші мәселе – адам денсаулығына және қоғамға бірден-бір зиянын тигізетін нашақорлық және есірткіге тәуелділік.
Есірткі адам денесін улап, зиянын тигізеді. Қызығушылықтан дәмін татып көрген адам айықпас дертке шалдығып, өмірге деген құлшынысын, арманын таптап өтеді. Есірткімен ажырамас дос болып, тәуелдігі күннен-күнге арта береді. Осылардан біз қалай құтыламыз? Адам өмірді жақсы көру керек. Өзін жақсы көрген адам өзіне қиянат жасамайды. Салауатты өмір салтын ұстанады. Тура жолдан адасып, түрлі ойын-сауық кештеріне бас сұқпайды.
Өмірге деген құштарлық зор болса, өмірлік мақсатың, мәртебең өзің үшін айбыны асқақ болары хақ. Өз-өзіне сенімділігі берік болса, алдындағы тасты, тауды бұзарлықтай күш-қайраты артады. Әрбір жас өрі биік тұлға болуға бейімделсе, ешбір адам жаман жолға түспес еді. Күннен күнге шырмауықтай шырмалап, тамырлаған қатерден құтылар едік.
Қадірлі достар!
Қоғам ағымы, заман талабына қарай күннен-күнге қоғам дамып келеді. Егеменді елдің, қазақ жерінің болашағы біздерміз. Қадірлі дос! Әр адамның денсаулығы өз қолында. Адами байлығымыз – денсаулығымызды түрлі зиянды заттардан аулақ ұстайық. Ел ертеңі - біздер. Сондықтан да мен сіздерді салауатты өмір салтын ұстауға шақырамын. Қадірлі достар, өзімізге пайдалы түрлі спорт түрлерімен шұғылданып, өзімізге ұнаған әрбір іс лайықты және пайдалы болса екен деймін.
Мен өмірді қалаймын.
Бақыт - оның бөлшегі,
Мына сендік өмірдің
Сол болады өлшемі.
Достым!
Өмірді сен де қалайсың,
Уақыт – оның тірегі,
Спортпенен шұғылдан,
Демеу болар жаныңа!
№11 мектеп-лицейдің 8 «Ә» сынып оқушысы
Маратұлы Әсет
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |