ҚОҒАМДЫҚ МОНША АШЫЛДЫ

Сырдария ауданына қарасты Аманкелді ауылдық округінде мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында көрсетілген қолдаулар негізінде қоғамдық монша ашылды. Ауыл тұрғыны Ғ.Байжановтың жаңа монша ғимаратын салып, халық игілігіне пайдалануға беруі тұрғындар үшін қуанышты жаңалық болды.
– Арнайы бизнес жоспар құрдым. Ауыл әкімдігі жобамның жүзеге асуына барлық жағдайды жасады. Кәсіпкерлер палатасы тегін кеңестер берді. Ауыл халқының ұсыныс-пікірін ескере отырып тұрғындарға сапалы қызмет етеміз,- дейді кәсіпкер Ғалымжан Мәтжанұлы.
Қоғамдық моншада заман талабына сай жылыту пеші орнатылған. Сондай-ақ, келушілер үшін шешінетін, жуынатын және кептірілетін бөлмелер қарастырылған. Моншаның іші кең, таза әрі ыңғайлы. Барлығы санитарлық стандарттарға сәйкес келеді. Ауыл әкім Қ.Құлымбетовтің айтуынша, кәсіпкерлік көкжиегін кеңейту мақсатында алдағы уақытта да елді мекенде бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.



ҚОҒАМ 25 қазан 2017 г. 881 0