Көші-қон қызметінің жұмысы үйлесімді

Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы көші-қон кызметі бөлімінің үстіміздегі жылы елге көшіп келушілерге рұқсаттар беру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Атап айтсақ,  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» бұйрығы негізінде іске асырылады.
Қазіргі таңға дейін 9254 шетел азаматтарына (112 914 516 тг мемлекетке баж салығы өндірілді) оның ішінде 9224 Өзбекстан Республикасының, 23 Әзербайжан Республикасы, 7 Тәжікстан Республикасы азаматтарына ҚР-ның Заңына сәйкес еңбекші көшіп келушілерге рұқсат қағаздары берілді. 2304  шетел азаматының рұқсат беру қағаздары ұзартылды, Атап айтсақ, 2274 Өзбекстан Республикасының, 2 Тәжікстан Республикасының, 28 Әзербайжан Республикасының  азаматы құрайды. Олардан 25 753 150 тг мемлекетке баж салығы өндірілді.
«Образ ++» бағдарламасына  шетел азаматтарының  бет-бейнесі түсіріліп, дактокартолары алынып ҚІІБ-ның Криминалистика бөліміне енгізу үшін жолданды.
Жазира Сарбалакова.
ҚІІБ КҚҚБ инспекторы, полиция лейтенанты.
ҚОҒАМ 25 қазан 2017 г. 645 0