Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауының негізінде Сыр өңірі өркениет көшіне сай дамудың даңғыл жолына түсті. Соңғы жылдары аймақта тың жобалар жүзеге асып, ауқымды жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Облыс орталығындағы ілкімді істер аудандарда, сондай-ақ, шалғай ауылдарда да лайықты жалғасын табуда.
Мәселен, осыдан небәрі 10 жыл бұрын шаруасы шатқаяқтап, кешенді дамуы көмескі тартқан Сырдария ауданы Ақжарма ауылы бүгінде адам танымастай өзгерді. Елді мекеннің қазіргі даму деңгейіне ауыл тұрғындарын айтпағанда, сонау Астанадағы Үкімет мүшелерінің өзі жоғары бағасын беруде. Бұл берекелі іске бейім Сырдария ауданының Тәуелсіздік жылдарындағы жарқын жетістігі.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ