Қызметтік көлік - қызметтік мақсатта болуы тиіс

Мемлекеттік қызметшілер қызметтік көлік құралдарын жеке мақсаттарға пайдалануға тыйым салу мақсатында облыс, қала, аудан әкімдіктері мен Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бірлесіп, қызметтік автокөліктерге айрықша белгілері жапсырмаларды орналастыру жұмыстарын жүргізуде.
«Қызметтік көлік – қызметтік мақсатта» акциясының кезегі Қызылорда қаласының әкімдігінде жалғасын табуда.
Аталған шарада Департаменттің басшысы А.Мұхимов және Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ш.Байманов бірлесіп, қала әкімдігіне қарасты қызметтік автокөліктерге арнайы жасақталған call-орталығы бейнеленген белгілерді орналастырды.
Ендігі кезекте, қызметтік көліктерді жұмыстан тыс уақытта қолдану фактілері бойынша кез-келген облыс тұрғыны жұмыс уақытынан тыс уақытта қолданылған қызметтік көлікті байқаса 8-705-787-26-26 Whatsapp нөміріне немесе 70-56-06 call-орталығына хабарласып, қызметтік көлікті айғақтайтын фото немесе бейнежазбаны жолдауларына болады.
ҚОҒАМ 18 қазан 2017 г. 685 0