Арақ-шарап саудасындағы көлеңкелі кәсіп

Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы еліміздің экономикасына үлкен нұқсан келтіре отырып, халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Спиртті ішімдіктерді сақтау және сату саласында «көлеңкелі» кәсіптің үлесі артып барады
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті арақ-шарап өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау мақсатында тақырыптық тексерулер жүргізе бастады. Негізгі мақсат: есепке алу-бақылау маркаларының бар екендігін және түпнұсқалығын анықтау, алкоголь өнімдеріне ілеспе құжаттардың болуын және сатуға лицензияның болуын тексеру. Бір ғана апта көлемінде тексеру шаралары көптеген заңсыздықтың бетін ашуда. Wipon  мобильдік қосымшасының көмегімен 188 417 бөтелкенің есепке алу-бақылау маркалары жалған екені анықталды. 1547 бөтелке арақ өнімдеріне ілеспе құжаттар жоқ болып шықты.
Бұл тексерулермен қатар  жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, есепте жоқ  алкоголь өнімдерінің «құпия» қоймалары табылуда. Жасырын сақталған түрлі ассортименттегі 384 722 бөтелке арақ шарап өнімдері әшкереленді. Алкоголь өнімдерін лицензиясыз сақтағаны және сатқаны үшін  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодесінің 463 бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, яғни кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіштен жүз елу айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынып, акцизді тауарлары тәркіленеді. Этил спирті мен алкоголь өнімдерінің ілеспе құжатсыз өткізілуі мен айналымы орын алған жағдайда жетпіс бестен алты жүз АЕК дейін айыппұл салынады және тауар тәркіленеді (ҚР ӘҚтК-нің 282 бабы 3 тармағы 7) тармақшасы).
Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің 214 бабы қызмет түрі міндеттелінбеген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру арқылы ірі көлемді залал  келтірген жағдайда  екі мыңнан бес мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлды және мүліктің тәркіленуін  қарастырады.
Алкоголь өнімін сатып алмас бұрын оның таза немесе жалған екенін кез-келген тұтынушы біле алады. Ол үшін Wipon  мобильдік қосымшасын IOs, Android және WindowsPhone құрылғылары бар телефонға жүктеп алып, акциздік марканы сканерлеңіз  –  қосымшада алкогольдің түпнұсқалығы туралы ақпарат көрсетіледі.

Қ.Айтбаев,
Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
бөлім басшысы
ҚОҒАМ 16 қазан 2017 г. 743 0