« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Отыз тiстiң қадiрiн қақсағанда бiлерсiң, аяқ-қолдың қадiрiн ақсағанда бiлерсiң» демекшi, осыдан екі ай бұрын оң жақ тізем сыздап қатты ауырды. Содан бармаған жерім жоқ, табаным тозды. Сол кезде тексерілген дәрігерлер сырқатымның нақты диагнозын айта алмады.
Арада бір ай өтті. Аяғым бұрынғысынан да қатты ауырып, ісіп кетті. Бес күн қатарынан ыстығым көтеріліп ауырдым. Осы жылдың 19 қыркүйегі күні жедел-жәрдем арқылы Қызылорда қалалық ауруханасына түстім. Терапия-ІІ бөліміне жатқызды. Қызметкерлер жылы шырай танытып, палатаға орналастырды. Мұнда мені буын ауруының маманы, ревматолог дәрігер Еркебұлан Мақсұтов емдеді.
Дәрігер тексере келе аяғыма сарысу жиналғанын анықтады. Нәтижесінде оң жақ тіземе жиналған сарысуды алып, одан әрі емін жүргізді. Адам ауырып келгенде бір ауыз жылы сөздің өзі шипа. Сондай жылы қабақты қалалық аурухана қызметкерлерінен көрдім.
Дәрігердің міндеті – науқасты ауруынан айықтыру. Еркебұлан Мақсұтұлы өз міндетін толық орындайтын білікті маман десем, артық болмас. Себебі, оның біліктілігінің арқасында ауруымнан құлан таза айықтым.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, кәсіби маманға алғысым шексіз. Қалалық аурухананың ақ халатты абзал жандарына ризашылығымды жолдай отырып, еңбектеріне табыс тілеймін.
Әсем ІЗТІЛЕУОВА,
қала тұрғыны.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |