Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Кеше Сырдария ауданы әкімдігінің бастамасымен аудан орталығындағы Тереңөзек кенті мəдениет үйінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Аудандағы жұмыссыздық көрсеткішін азайту мен жергілікті азаматтардың жұмысқа орналасуына жол ашуды басты мақсат еткен игі шараны аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары өткізді.
Бос жұмыс орындары жəрмеңкесінің ашық, әділ өтуіне бақылау жүргізу мақсатында шараға "Нұр Отан" партиясының аудандық филиал өкілдері, аудандық мәслихат депуттары, мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жәрмеңке қорытындысында аудан көлеміндегі мекемелер мен кәсіпорындардан келіп түскен сұраныс негізінде 55 азаматқа жолдамалар берілді.


ҚОҒАМ 12 қазан 2017 г. 718 0