Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевтың төрағалығымен «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия» отырысы өтті.
Жиынға комиссия мүшелері, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органының басшылары, мәдениет саласы қызметкерлері, дербес бөлім және мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері қатысты. Күн тәртібінде аудан көлеміндегі қылмыстық жағдай мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі қаралды. Комиссия отырысының соңында аудан әкімі тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп, жұмыстардың орындалуын қатаң бақылауға алу керектігін айтып өтті.