«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАНЫМЫЗДА БАР»

Кәсіпкер Раушан Базарбай Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолға алған «Атамекенім» акциясын толық қолдайтындығын білдіріп, акция ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.
«Қайырымдылық жасау, біздің қанымызда атам заманынан бар нәрсе. Бабаларымыз көшпенді өмір сүргендеде жолаушы мейірмандарға өз шаңырағына кіргізіп асқа толы дастархан жайған. Мыңдаған жылдар мен ғасырлар өтсе де, заман өзгерсе де, жүрегіміздегі иманымыз бен адами қасиеттеріміз, қанымыздағы қайырымдылық қа деген ниетіміз  әлі жоғалған жоқ.
Қазіргі таңда, қайырымдылық жасау кеңінен таралуда. Мейлі ол үлкен кәсіпкер болсын, мемлекеттік қызметкер болсын,  олимп чемпиондарда өз табысының бір бөлігін садақа жасауға, қайырымдылық жасауға ынталы.  Алысқа бармай-ақ, ас беру, құдай тамақ, жеті шелпек, садақа беру деген іс-шаралар осы қайырымдылықтың нышаны болып табылады. Аманатталып келген осы дәстүрлер біздің балдарымыздың бойында да, мейірімділік пен жанашырлық  деген қасиеттерді тәрбиелейді.
Біздің компания қазір Қызылорда қаласында денсаулық сақтау саласындағы жаңа әлеуметтік нысанның құрылысын салу жобасын қолға алуда. Аталмыш нысан қызылордалықтардың денсаулығын нығайтуға айтарлықтай үлес қосады деп сенеміз.
Ал қазір жасап жүрген қайырымдылық шараларымыздан бірнешеуіне тоқталып өтсем.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік тапсырысы негізінде біздің клиникадан ауыр сырқатты емделушілерге медбикелер күтім көрсетуде. Бүгінде 50 емделуші тегін ем алып жатыр.
Мұнан өзге, біз медицина колледжінің студенттері мен бітірушілерін тегін оқытып, өндірісік практикадан өткіземіз.
Сондай-ақ, жақында клиникада «Мама - емші» қайырымдылық жобасын жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында арнайы шақыртылған маман ДЦП-мен ауыратын балалардың ата-аналарына массаж жасау арқылы науқас баланы сауықтыруға арналған жаңа емдеу әдісін тегін үйретті.  
Сонымен қатар, біз «Ел-арай» Қоғамдық Қорымен Қызылорда қаласындағы 5 аз қамтылған отбасы балаларын емдеу мен сауықтыруға арналған меморандумға қол қойдық.
Кәсіпкерліктің ең басты қазынасы – адам, яғни өзіңмен бірге жұмыс жасайтын, идеяңды бірге жүзеге асыратын адамдар, әріптестерің.
Қазір клиникамызда 25 адам жұмыс жасайды. Олардың 2-еуі жалғызбасты ана, 4-уі көпбалалы отбасыдан, 2 қызметкердің мүмкіндігі шектеулі, 7 адам зейнет жасында, 6 адам тәжірибесіз жұмысқа алынған жас маман. Зейнеткерлеріміз тәжірибелі, жастарға сала бойынша жан-жақты қолдау көрсетіп, маман ретінде қалыптасуына айтарлықтай үлес қосуда. Мен ең алдымен барлық қызметкерлерімізге сақтандыру келісім-шаттарын жасатқанмын. Бұл қадам мен үшін де, әріптестерім үшін де маңызды шара. Мұнан өзге, қызметкерлерім клиникадағы барлық қызмет түрлерін тегін ала алады.  
Сөзімді былай қорытындылағым келеді: «Әлеуметтік қызмет, қайырымдылық жасау - көмекті алушыға да, көмек көрсетушіге де қуаныш сыйлайтын шара. Ендеше өмір сүріп жатқан қоғамымызды бірге ізгілендірейік, ағайын!»  

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
ҚОҒАМ 26 қыркүйек 2017 г. 696 0