76 есірткі алқабы анықталды

ҚР ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 1 маусым және 30 қазан аралығында «Көкнар» жедел-профилактикалық шарасының жүру кезінде Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінде «Дельта-Сырдария» өңірлік бөлімшесі құрылған болатын.
Аталған бөлімшенің басты мақсаты – құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді анықтау, осындай деректерге қатысты келіп түскен хабарламаларға дереу түрде ден қойып, барлық құзырлы қызмет салаларымен осы бағыттағы жұмысты үйлестіру болып табылады.
Құрылым өз жұмысын бастағалы бері облыс аумағында 76 есірткі қылмысы ашылып, 58 есірткі алқабы анықталды. Оның 8-і Қызылорда қаласы болса, 31-і Сырдария, 12-сі Шиелі және 3-і Жалағаш ауданының аумақтарынан табылды. Есірткі алқаптарының басынан 53442 түп сора өсімдігі өртеу жолымен жойылды.
Есірткі құралын аса ірі мөлшерде сақтаудың 18 дерегі тіркелді. Одан бөлек, заңсыз айналымнан 600 кг.-нан астам «марихуана» есірткі құралы тәркіленді.
Барлық анықталған қылмыстық әрекеттер бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

ҚОҒАМ 22 қыркүйек 2017 г. 612 0