Елбасы мақаласын насихаттады

«Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 19-20 қыркүйек күндері аралығында Қармақшы аграрлық техникалық колледж студенттері, мектеп жас ұстаздары мен жоғарғы сынып оқушылары арасында кездесу болып өтті.
Кездесуді «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры, мәслихат депутаты Мұхтар Ибраев жүргізіп отырды.
Мұхтар Ибраев кіріспе сөзінде маңызды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру кезеңінде қоғамдық сананы да жаңғырту мәселесінің маңыздылығына тоқталды. Әсіресе, қазақ тілін біртіндеп латынға ауыстыру, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның қасиетті жерлері», Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстаның жаңа 100 тұлғасы» атты Елбасының қоғамдық сананы жаңғыртуға қатысты ұсынған жобаларының маңыздылығына назар аударды.
Кездесудің негізгі баяндамашысы – «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының саяси кеңес мүшесі, мәслихат депутаты Гүлжаухар Раева болды. Өзінің баяндамасында сарапшы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңызды тұстарына тоқталып өтті. Ол бүгінгі таңда Қазақстанның алдында тұрған әлемнің барынша дамыған 30-елдер қатарына кіру мақсатына жету үшін қазақстандық әрбір азамат бәсекеге қабілеттілік, прагматизм секілді қасиеттерге ие болуы тиіс, сонымен қатар, өзінің ұлттық бірегейлігін сақтай отырып, батыстық өркениеттің тек жағымды жақтарын ғана сіңіруі қажет екендігіне назар аудартты.
Сонымен қатар, Елбасы жариялаған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласының ақпараттық топ мүшелері - аудандық ата-аналар кеңесінің төрағасы С.Мырзабаев ағамыз, Қармақшы аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры А.Шоқбаров, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғ.Нысанбаев және Дін мәселелер зерттеу орталығы Қармақшы аудандық бөлімшесінің теолог маманы Ж.Ысқақов қатысты. Мақаланы талқылау барысында қатысушылар қазіргі таңда қоғамда ұлттық кодты сақтай отырып, заманауи әлемнің құндылықтарына азаматтардың ашық болуын танытатын рухани жаңғыру қажеттілігі пісіп жетілгендігі атап өтті.
Кездесуге қатысушы жастар өз көкейлерінде туындаған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.
А. Татишов
ҚОҒАМ 22 қыркүйек 2017 г. 694 0