«Қызылорда облысы тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» Қоғамдық бірлестігімен «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу мәселелері» тақырыбында семинар өтті.
Жоба заңгері Р.Ермаханов, өткізіліп отырған семинардың күн тәртібіне қойылған тақырыптың өзектілігіне тоқталып, жазасын өтеп шыққандардың қалыпты өмірге оралуы басты мәселенің бірі екенін атап өтті.
Одан бөлек, сотталған адамдарға қоғамның көзқарасы, олардың қоғамға деген ызасын тудыратыны айдан-анық. Сөйтіп, көбісі өмір сүруден гөрі қайта қылмыстық жолды тандап жатады. Сондықтан, жазасын өтеушілердің қоғамға оралуына ел болып қолдау білдірмесе, қалыпты өмірге бейімделіп, ортаға сіңуіне қол жеткізу мүмкін емес, қайта қылмыс жасаудың негізгі себептерінің бірі – әлеуметтік жағдайдың төмендігінен, яғни жұмыссыздық мәселесін тануға болатынын сөз қылды.
Бұл жөнінде, Елбасымыздың «Бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 қадамы» атты ұлттық жоспарының 33-қадамында бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру жөнінде айқындалған.
Осы шеңберде түзеу мекемесімен жазасын өтеушілерді еңбекке баулу, оның ішінде, жеке кәсіпкерлікпен айналысуға қол жеткізуге болатыны баршаңызға мәлім. Оның бір айғағы ретінде түрлі қолөнер бұйымдарын шығаратын мекемедегі 8 кәсіпкерлік нысанын айтуға болады.
Қорыта келгенде, жоба заңгері Р.Ермаханов, тоқсан сайын Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы Консультативті-кеңесші органның жазасын өтеушілердің бостандықта жұмысқа орналасуы мәселесі қаралып, тиісті шешімдер қабылдануға ықпал етуге сенім білдірді.
Р.ЕРМАХАНОВ,
жоба заңгері.