ЖАСТАР ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІ ҚОЛДАЙДЫ

Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауында қазақ әліпбиін 2025 жылдан бастап латын графикасына көшіруге тапсырма берді. Сонымен қатар, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастап қолға алу қажеттігін атап өтті. Осы мақсатта аудандық «Жастар ресурстық орталығында» «Латын әліпбиі – уақыт талабы» тақырыбында жастармен кездесу болып өтті.
Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов, «Жастар ресурстық орталығының» директоры, аудандық мәслихат депутаты М.Ибраев, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, аграрлық-техникалық колледж студенттері, оқытушылары, №121 мектеп мұғалімдері қатысты. Шараға қатысушы Талғат Бұқпанов, Нияз Сержанов, Әзиз Досболовтар тақырып аясында өз ойларын білдіріп, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді барлығы бірауыздан қолдады.




ҚОҒАМ 22 қыркүйек 2017 г. 814 0