Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама негізінде діни ағымдардың алдын-алу және облыстық ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамына арналған «Деструктивтік діни ағымдар және олардың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараға «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Б.Камалов, облыстық «Сыр дидары» газетінің редакторы С.Алдашбаев, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» бөлім басшысы Ж.Дәрібаев қатысты. Аталған қонақтар жеке құрам алдында «Деструктивтік діни ағымдар және олардың ерекшеліктері», «Жоғарғы руханият және дәстүрлі ұстаным» және «Қазақстандық патриотизді қалыптастырудың негізі мен жолдары» тақырыптарында баяндамаларын оқып, әскери қызметшілер мен қызметкерлердің сауалдары арқылы пікір алмасу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, департамент бастығы полковник М.Даулетбахов:
- Әскери қызметшілер ел Президенті, ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Назарбаевтың салауатты да сындарлы саясатын қолдай отырып, өскелең Отан қорғаушы азаматтарға патриоттық жігер беру жолында аянбай қызмет атқаратынын айтты.
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.