Қызылордада қала күніне орай «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өтті. Шара барысында тұрмысы төмен 800 отбасыға көмек көрсетілді.
30 шағын автобус әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы 800 отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізді. Қызылордалық кәсіпкерлер жинаған азық-түліктің жалпы құны 8 млн теңгеден асады. Қайырымдылық шарасының ұйымдастырушысы – Қызылорда қаласының әкімдігі.
Сонымен қатар, «Ақмешіт – Сырдария» орталық мешітінің аумағында акцияға қатысушыларға қаржылай көмек көрсетуге ниет білдіргендер үшін арнайы жәшік қойылды.