МЕЙІРІМДІЛІК АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Сырдария аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен республикалық қайырымдылық айы аясында «Біз бәріміз біргеміз» атты мейірімділік акциясы өтті. Аудандық білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мекемесінде өткен іс-шараға ұстаздар, кітапханашылар, балалар және БАҚ өкілдері қатысты.
Балалардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, оларды мейірімділікке тәрбиелеу бағытында өткен мейірімділік акциясында оқушылар өнерлерін көрсетті. Ән айтып, би биледі. Сонымен бірге, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде білім алушыларға жұмбақтар жасырылды. Мәдени шарада аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі М.Балмағанбетова балаларға арналған қызықты кітаптарды таныстырды. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мекемесі басшысы Е.Аппазаев пен аудандық кітапхана директоры Г.Нұржакиева сөз сөйлеп, алдағы уақытта да осы тектес шаралардың ұйымдастырылатынын атап өтті. Өз кезегінде ата-аналар қауымының атынан Л.Ыбрайымова балалардың уақытын қызықты өткізуге үлес қосқан ктапханашыларға алғыс айтты. Акция соңында әрбір балаға сыйлықтар беріліп, сый-сияпат жасалды. Естелік суретке түскен оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
ҚОҒАМ 20 қыркүйек 2017 г. 873 0