ҚАЗАЛЫДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФОРУМ ӨТТІ

Қазалыда өткен "Біз жемқорлықсыз қоғамды таңдаймыз" тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудандық форум ұйымдастырылды.
Шараға құқық қорғаушылар, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аудандық бөлімшелерінің басшылары, мәслихат депутаттары, ардагерлер, жастар ұйымдарының өкілдері, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Форумға қатысушылар қоғамның дертіне айналған парақорлықпен күресті күшейту жолдарын талқылады. Сондай-ақ,сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бағытында әзірленген бейнероликтерді көріп, кітап және сурет көрмелерін тамашалады.






ҚОҒАМ 19 қыркүйек 2017 г. 582 0