« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кім екенімізді әлемге танытудың тура жолы - латын әліпбиіне көшу. Мұндай пікірді бүгін мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысында белгілі қоғам қайраткері, академик Ғарифолла Есім білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осы кезеңде тағдырымызды анықтап алатын мәселе - латын әліпбиіне көшу. Ол не себептен болды дегенді сіздер жақсы білесіздер. Біз өзімізге өзіміз келуіміз керек және өзіміздің кім екенімізді бүкіл әлемге танытуымыз керек. Мұның тура жолы - латын әліпбиіне көшу. 42 әріпті кирилица - бұл орыстың кирилицасы емес. Егер орыстың кирилицасында болса біз көшпей қалар едік, орыста - 33 әріп. Бізде - 42. Мұндай әріп ешқай жерде жоқ. Біз ешқайда сыймай жатырмыз. Менің Англиядағы, Америкадағы шәкірттерім «Аға, латынға қашан көшесіздер? Сіздермен хат-хабар алмасу қиын болып кетті», дейді. Қазіргі кезде хат-хабар алмасақ, ақпарат алмаспасақ не боламыз?», - деді Ғарифолла Есім.
Осы ретте ғалым Ахмет Байтұрсынұлы төте жазумен қатар латын әліпбиін ұсынғандығын еске салды.
«Оң жазу, сол жазу, оң ойлау, сол ойлау деген бар. Бұл үлкен мәселе. Оны да көтереміз. Қазір біздің бірінші тұрған мәселеміз латын әліпбиіне көшу. Енді мұның технологиялық, саяси, экономикалық , мәдени мәселелері де бар. Қазір экономикалық, саяси, құқықтық мәселелері шешіліп отыр. Енді не істеу керек? Бізде сонау социализмнен қалып қойған психология тағы бар. Сол психологиядан арылу қажет», - деді ол.
Сонымен қатар академик жаңа қазақ әліпбиінде әріпті көбейтпеу қажеттігін баса айтты.
«Мына түрік, әзербайжан, өзбек ағайындар әріпті көбейтті. Қосымша астынан, үстінен символдар салды. Мұның бәрі қосымша. Біз өркениетке өтеміз десек ағылшынның тәртібімен жүргеніміз дұрыс деп ойлаймын. Балаларымызға, немерелерімізге, ұрпағымызға жеңіл болсын. Қазір біз ағылшындық әліпби жүйесімен жүретін болсақ, онда біз өсіп-өркендеген 30 елдің қатарына тезірек енеміз», - деді академик.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |