Уақыт көші алға жылжып, қоғам ғарыштап дамыған сайын, ондағы халықтың өмір сүру дағдысы, салты да өсіп-өркендері анық. Дегенмен, әрбір ұлт өзінің ата-баба дәстүріне құрмет көрсетіп, оның ғасырдан-ғасырға сақталып, жетуіне атсалысуы парыз деп білемін.
Әрбір жас өзінің ана-тілімен, салт-дәстүрімен, әдеп-ғұрпымен, туған тарихымен терең таныс болып, дәріптегенде ғана өзінің болмысын сақтап қала алады.
Материалдық құндылықтардың дамып, көбейгені орынды, бірақ рухани құлдырауға жол бермеуді де естен шығармаған абзал.
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана» деп аталатын тарауында жаңа ғасырдың талаптарына төтеп беру үшін экономикамыздың әл-ауқатын арттырып қана қоймай, сананы жаңғыртудың бірнеше ерекшелігін атап өтті.
Сондай-ақ, өз мақаласында «Туған жер» бағдарламасының қолға алынатынын айтқан Елбасы адамзат баласы үшін қастерлі ұғым саналатын «Туған жердің» қадір-қасиетін бағалай білу керектігін ұмытпайды.
Мақаламен таныса отырып, оң мен солымызды әбден танып, өткенге көз жүгіртіп, асыл тарихымызды және бір парақтап, рухани жетілу, рухты сақтауда нақты шешім жасайтын дәуірге жеткенімізді сезінеміз.
Ол үшін – жастарымыз рухани жүдеу болмауы тиіс.
Рухани байлыққа толы қазақы қасиеттер қазақ жастарының бойында қалыптасқан, тек оны дұрыс жаңғыртып және дұрыс жолға бағыттай білу керек деп білемін.
Әлибек Сейітқали,
Облыстық жастар ресурстық
орталығының маманы