Отбасы күні

Үстіміздегі жылдың 12 қыркүйекте Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстандағы Отбасы күніне арналған іс-шара өткізілді.
Осы іс-шарада Қызылорда облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ және «Апаттар медициналық орталығы» ММ-нің қызметкерлері отбасылары – яғни, Әлменовтер, Жұмаевтар, Рысбековтер, Усаиновтар отбасылары қатысты.
Іс-шарада «Отан – отбасынан басталады» тақырыбында қатысушылар арасында әр түрлі тапсырмалар орындалып, сайыс өткізілді.
Әрі қарай таныстыру кезеңінде қатысушылар өздерінің отбасыларына қатысты сұрақтарға өздерінің шығармашылық деңгейлерін сараптап, сурет салу арқылы жауап берді, қазылар алқасына, көрермендер мен қарсыластарына өздерін таныстырды.
Келесі тапсырма бойынша қазақ халқының мақалдарын құрастырып шықты. Бұдан кейін балалар «Менің отбасым» тақырыбында сурет салып, қолдарын қаламмен қоршап сызу арқылы қолтаңбаларын қойды. Ал әкелері өз балаларының салған суреттерін тапты.
Аналарға тапсырма ретінде жыртылған маталарды берілген бұйымдармен жамау керек болды. Олар белсенділік танытып жамап қана қоймай, матадан моншақтармен әсемдеп бүлдіршіндерге қалпақ тікті.
Аналарға берілген тапсырмалармен қатар, әкелері мен балалары қолда бар заттармен (түрлі-түсті қағаз, стикер, скотч, желім, қайшы және т.б) үйдің үлгісін жасаумен машықтанды. Содан соң отбасылар қолөнерлерімен қазылар алқасын, көрермендерді таныстырды (қалпақ, үйдің үлгісі).
Балалар мерекеге қатысушыларға Отбасы күніне арнаған тілектерін айтып, іс-шараны қорытындылады.
Қатысушылар жоғары белсенділік және қызығушылық танытуына сәйкес «Белсенді отбасы», «Ұйымшыл отбасы», «Шебер отбасы», «Ілтипатты отбасы» номинацияларымен және сыйлықтармен марапатталды.

Қызылорда облысы ТЖД
ҚОҒАМ 13 қыркүйек 2017 г. 754 0