ЖАС ОТБАСЫЛАР БАСПАНАЛЫ БОЛУДА

Жас отбасы үшін басты мәселе – баспана. Аймақта жас жанұяларды тұрғынжаймен қамту нәтижелі орындалуда. 2014 жылдан бастап бүгінге дейін «Қолжетімді тұрғын үй-2020», «Өңірлерді дамыту- 2020» бағдарламалары аясында 8 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді. Оның 1 060 жас отбасы. Сонымен қатар, 348 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі берілді. 
Жастардың ажырасуының негізгі себептерінің бірі – тұрмыстағы қиындықтар, баспананың болмауы, қаржының жеткіліксіздігі екенін ескере отырып, жас отау иелеріне отбасы құндылықтарын дәріптейтін шаралар өткізіліп тұрады. «Жас отбасыларды қолдауға арналған ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында тұрмыста тығырыққа тірелген жастарға ақыл-кеңес беріліп, баспана алу жолдары түсіндіріледі.
ҚОҒАМ 11 қыркүйек 2017 г. 681 0