Қызылордада алтын бұйымдарды ұрлаған 28 жастағы азаматша ұсталды

2017 жылғы 04 тамызда 17.30 шамасында ішкі істер органдарына қала орталығындағы сауда үйлердің бірінде бриллиант, алтын бұйымдары қолды болғандығы жөнінде шағым келіп түседі. Хабарлама негізінде оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, нәтижесінде қылмысты жасады деген күдікпен 1989 жылы туылған қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматшаның сауда дүңгіршегі (бутик) егесіне келтірген шығын мөлшері 700 000 теңгені құраған.
Тергеу барысында аталған азаматшаның бұдан бөлек 5 ұрлық қылмысына қатыстылығы анықталды. Қылмыстың барлығы сауда орындарында және мекемелердің ішінде жасалған. Күдікті ұялы телефонның немесе ақша салынған әмияндардың егесіз, қараусыз жатқанына толық көз жеткізгеннен кейін білдіртпей ұрлап кетіп отырған. Нәтижесінде жәбірленушілерге 900 000 теңгеге жуық шығын келтірген.
Қазіргі таңда аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (Ұрлық) тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдікті Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі
ҚОҒАМ 11 қыркүйек 2017 г. 606 0