ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

Әйел құқығын қорғау – өзекті мәселе. Жер бетіндегі нәзік жаратылыс иелерінің өз құқығын қорғау бүгінгі таңда дүниежүзі бойынша ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Дүниеде зорлық-зомбылық көретіндердің басым бөлігі әйелдер екені белгілі.
Осы орайда, ҚР ӘҚБК-нің 73-бабымен істерді қараудың нормативтік жүйесі ҚР Конституциясына, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне, ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңына, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңына, әкімшілік құқық бұзушылық құрамынан туындайтын сұрақтарды рет¬тейтін түрлі салалық заңнамалық ак¬ті¬лерге, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге негізделген. Осы кодекстің мақсаты үшін отбасы-тұрмыстық қаты¬настар деп ерлi-зайыптылар, бұрынғы ерлi-зайыптылар, бiрге тұратын немесе бiрге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар түсiнiледi.
Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу ҚР ӘҚБК-нің 461-бабына сәйкес ескерту жасауға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Негізінен соттар, ҚР ӘҚБК-нің 73-бабымен қаралатын істерді ерлі-зайыптылар және азаматтық некедегі адамдарға қатысты отбасылық жан¬жалдың бір жағының арызы бойынша қарайды. Бұндай жағдайда ескере кететін жайт, ҚР ӘҚБК-нің 73-бабымен жауапкершілікке тартудың міндетті негізі ретінде – бұл әрекет жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе басқа да тұрғын үй-жайда болуы шарт және жанжалдың тараптары ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, ортақ балалары, жақын туыс қатынастағы адамдар болуы керек.
ҚР ӘҚБК-нің 73-бабымен жауап¬кершіліктің міндетті белгісі «егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса», бұл сұрақ бойынша құқық қорғау органдарының процессуалдық шешімі болмағаны істің сотта қаралуына кедергі болмайды, себебі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауы, олардың адамның әрекетінде қылмыс белгілерін анық¬тамағандарын көрсетеді.
Сотпен қылмыстық жазаланатын әрекеттердің белгілері анықталған уақытта іс прокурорға немесе сотқа дейінгі тексеру органына ҚР ӘҚБК-нің 742 бабына сай қайтарылуы мүмкін.
Істерді тараптардың татуласуына байланысты қысқартқан кезде соттарға ӘҚБК-нің 64-бабының нормаларын басшылыққа алу қажет, себебі ҚР ӘҚБК-нің ерекше бөлімінің 741,742-баптарында бұл негіз бойынша қысқарту көзделмеген. Тараптардың татуласу құқығы бірінші сатыда сотпен ғана шектелмеген, сондықтан іс жоғарғы тұрған сотта қаралған уақытта да бұл құқықтарын пайдалана алады.
Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген, оның ішінде жәбірленушіні іздестіруге, оның iзiне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға тыйым салынған. Бұл жағдайда, ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың татуласуы жәбірленушінің құқық бұзушыны кешіруін және оған ешқандай талап қоймайтынын көрсетеді.

К.ЕСПЕНБЕТОВА,        
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы.
ҚОҒАМ 09 қыркүйек 2017 г. 984 0