Шекара шебінен өтуге болмайтын жерлер арқылы контрабандалық жүк тасымалдау, тәуелсіз мемлекетімізге экономикалық зиян келтіруде. Қазақстан Республикасының құрлықта, теңізде, өзендер мен өзге де су жолдарындағы Мемлекеттік шекараны күзету ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне жүктелген. Теміржол, автокөлік, теңіз, өзен, әуе жолы және өзге де жерлер арқылы өтетін шекара шептері ҚР Үкіметі белгілеген өткізу пункттері арқылы айқындалады.
Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзетуді «ҚР Конституциясы», «ҚР Мемлекеттік шекара туралы», «ҚР Шекара Қызметі Туралы» Заң актілерімен ҚР өзгеде құқықтық және нормативтік құжаттарына сүйене отырып іске асырады.
Еліміз азаттық алғаннан кейін мемлекеттік шекараның маңы¬зы бұрынғыдан да арта түсті. Мемлекетіміздің шекарасы халық¬аралық келісім шарттары мен анық¬талып, ел Парламентімен рати¬фикацияланған. ҚР мемлекет шекарасы халықаралық мызғымас тұтастығы принциптеріне орай, мемлекет шекарасы заңды түр¬де бекітіліп, кеңістік көлем терри¬тория¬сын (жер, су, жерасты, ауа кеңістігі) анықтайтын сызығы ре¬тінде қарастырылады, сонымен қатар Қазақстан Республикасы толық егемендік құқығымен иелік ететіндігін айқындайды. Еліміздің Мемлекеттік шекара туралы заңы ҚР Конституциясын негізге алып, мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттердегі шекара режимі туралы, яғни осы мемлекеттік шекара күзеті саласында туындайтын қарым-қатынастарды реттейді.
Мемлекеттік шекараны бұзушы болып есептелетіндер: ¬мемле¬кет шекарасында түрлі шаруа, кәсіптік зерттеу және іздену жұмыс¬тарын атқару кезінде және жеке тұлға ҚР-ның Мемлекеттік шекарасын шаруа, кәсіптік зерттеу және іздену жұмыстарын атқару кезінде орнатылмаған, рұқсат етілмеген жерден өту арқылы тәртіп бұзғандар. Бұған қоса, бақылау өткізу пункттерінен тыс жерден өту немесе өтпек болған жеке тұлғалар, бақылау өткізу пунктінде тәртіпке сай келмейтін жағдайда да бұзушы ретінде саналады. Сонымен бірге, жеке тұлғалардың шетелге шығатын қазақстандық, шетелдік тасымал құралына ел аумағынан заңсыз түрде шығып кету мақсатында кіріп кеткен жағдайда, сондай-ақ, шекарадан рұқсат етілмеген немесе өткізу тәртібіне сай емес техникалық құралын өткізу кезінде де бұзушы ретінде саналады. Осы атап көрсетілген тармақтар бойынша ұсталаған мемлекеттік шекара бұзушылар әкімшілік жауап¬кершілікке тартылады. Мемлекеттік шекараны қорғау мен күзетуге жергілікті тұрғындарды барынша жұмылдыру арқылы баршаның осы ықыласын осы іске аударып, саяси қырағылығын арттыруға, ұжымның, қоғамдық органдардың, баршаның, сондай-ақ Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауда айтарлықтай зиян келтіретін жекелеген адамдарға қарсы бағытталған іс- шаралар ұйымдастыру.
Шекара бөлімшелерінің сақшы¬лары Отанымыздың қасиетті шекара шептерін қорғау бұйрығына сай еңбек етеді. ҚР Мемлекеттік шекарасы қол сұғуға болмайтын, біртұтас болып есептеледі. Мемлекеттік шекарадан өтуге рұқсат беретін орындардың ережелері мен шекара тәртібін бұзғандар мен бұзуға әрекет еткендер, сол сияқты Мемлекеттік шекарадан рұқсатсыз жүктер, материалдар, құжаттар мен т.б. заттарды заңсыз тасымалдаған тұлғалар ҚР Мемлекеттік шекара туралы Заңдарымен қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы ¬туралы» Заңында шекараны күзету – елі¬міздің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы мемлекет жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі екен¬дігі атап көрсетілген. Демек, мем-лекеттік шекараны қорғау – тыныштық сақшысы саналатын шекарашы жауынгерлер мен әскери қызметкерлердің ғана міндеті емес, шекаралық аймақта тұратын әрбір Қазақстан азаматының борышы болса керек.
Диас ЖАНАТҰЛЫ,
2019 - әскери бөлімінің офицері.