Сот үкімімен 12 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды

 Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 30 жастағы сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі жарияланды.
Сотталушы бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотталған адам бола тұра түзелу жолына түспей, аса ауыр қылмыс жасаған.  Яғни сотталушы алкогольді еліту жағдайында танысы жәбірленушіні кездестіріп, ішімдік алатын ақша сұраған. Жәбірленуші ақша бермеген соң бетінен бір мәрте ұрып, қалтасынан 200 рубль (1094 теңге) ақшасын және 4376 теңге тұратын ұялы телефонын жымқырып, кетіп қалған. Одан кейін, достарымен ішімдік ішіп отырып, танысы жәбірленушіні ұрып-соғып, оған жеңіл дене жарақаттарын салып, оның 5470 теңге тұратын ұялы телефонын ашық жымқырған.
Содан кейін өзінің бөлесімен арақ ішімдігін ішіп, онымен өзара сөзге келіспей, жанжалдасып, асхана пышағымен денесінің әр жерінен ұрып, ауыр жарақаттар салып, қаза келтірген.
Сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру), 191-бабының 2-бөлігінің 1,2-тармақтарымен (жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолданып бірнеше рет жасалған тонау) кінәлі деп танылып, түпкілікті мүлкі тәркіленіп, 12 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеуге деп белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық 
істер жөніндегі мамандандырылған 
ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

ҚОҒАМ 08 қыркүйек 2017 г. 567 0