Адам түгілі хайуан қорқатын сұмдықты монахтар жасауда

Мьянмадағы будда дінін ұстанушылар мыңдаған мұсылмандарды тірілей өртеп, көміп, азаптап жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Олар бұл әрекетін Бирманы мұсылмандардан тазартқымыз келеді дегенмен түсіндіреді. Адамзатқа қарсы жасалып отырған мұндай қатігез әрекетке БҰҰ неліктен үнсіз отырғаны түсініксіз. Мьянмада мыңдаған мұсылман қырылып жатыр.
Routers сайтының ақпараты бойынша бір апта бұрын басталған қақтығыстың салдарынан 400-ден аса адам қаза тапқан. Жергілікті биліктің айтуы бойынша, рохинджа мұсылмандары Ракхайн штатындағы  (ескі атауы Аракан)  бірнеше полиция бекетіне шабуыл жасапты. Мьянма әскерінің мәліметіне сәйкес, 25 тамыздан бері  90 қақтығыс орын алған. Сол қақтығыстың салдарынан 370 мұсылман қайтыс болды. Ал үкімет күштерінің 15 адамы қаза тапты.  Сонымен бірге мұсылмандар 14 бейбіт тұрғынды өлтірген. Қақтығыстан кейін 27 мың мұсылман Бангладешке қашса, Наф өзенін қайықпен кесіп өтпекші болған 40 адам суға батып кеткен.
Ислам атын жамылғандар террорлық әрекетке барса «мұсылмандар адам өлтірді» деп  жерден жеті қоян тапқандай «мақтанатын» батыс елдері өзге дін өкілдерінің сорақылығын жасырып, жарияламай отыр.  Адам түгілі хайуан да адамға дәл осылай қиянат жасамайтын шығар. Неліктен батыс елдері будда дінін ұстанатындардың бұл әрекетінен әлі бейхабар секілді кейіп танытуда? Бірақ әлеуметтік желіде буддисттердің мұсылмандарды қалай азаптап, қорлап жатқан видеолары мен фотолары таралды. Кішкентай сәбиді  аяқпен таптап, тоқпен ұрып жатқанда демократияны қолдайтын Батыс елдері неге үнсіз отыр?
Әлемге ең мейрімді ретінде танылған буддистер адам түгілі хайуан үркитіндей әрекетке барды. Будда діні ертегі мен аңыздар да ғана бейбітшілікті дәріптейтіндігін дәлелдеді.
Осы сорақылыққа қатысты Түркия елінің президенті Реджеп Ердоған алғашқылардың бірі болып пікір білдірді. Ол Мьянмадағы оқиғаны «мұсылмандардың зұлматы» деп атады.
«Мен БҰҰ бас хатшысымен телефон арқылы сөйлескен едім. 19 қыркүйектен бастап осы мәселе бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесің отырысы өтеді. Түркия әлемдік қауымдастыққа Аракандағы жағдайды жеткізу үшін қолдан келгенін жасайды. Бұл мәселе екіжақты келіссөздерде де талқыланады. Басқалары үнсіз болса да, Түркия сөйлейді», - деп мәлімдеме жасаған болатын.
Айта кететін болсақ, Түркия үкіметі әлсіз мұсылмандарға көмектесу үшін Бирмаға барған еді.
Осы оқиғаға қатысты тек Түркия елінің президенті ғана пікір білдірген жоқ, сонымен бірге Шешенстан елінің басшысы Рамзан Қадыров та өзінің инстаграм парақшасына өз пікірін жазған болатын.
«Мьянмадағы жағдай туралы саясаткерлердің пікірі мен мәлімдемелерін оқып жатырмын. Адамды қорғауға міндеттелгендердің екіжүзділігі мен зұлымдықтарының шегі жоқ адамдар туралы тұжырым жасауға тура келіп отыр! Бұл елдегі соңғы бірнеше жылдардағы көрсетуге тіпті айтуға ауыз бармайтын, мүмкін емес оқиғалар болып жатырғанынан әлем хабардар. Мұндай қатыгездікті адамзат Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бері көрмеді. Екі бірдей соғыстан өткен мына  мен айтып отырсам, бір жарым миллион мұсылман-рохиндердің қасіретінің қандай деңгейде екенін енді ойлай беріңіздер. Бірінші кезекте Мьянмада билік жүргізіп отырған Аун Сан Су Чжи ханым жайлы айта кететін болсам. Ол көп жылдар бойы демократия үшін күрескен адам ретінде танылып келді. Алты жыл бұрын әскерилерді азаматтық үкімет алмастырды, бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын алған Аун Сан Су Чжи билікке келді, артынша этникалық және діни «тазарту» жұмыстарын жасай бастады. Мьянмадағы оқиғалар басқа ешқандай қатыгездіктермен салыстыруға болмайды. Жаппай кісі өлтіру, зорлау, адамдарды тірідей өртеу, мұсылмандарға тиесілінің барлығын да жою. Өткен жылдың күзінде мыңнан аса үй, мектеп және мешіт қиратылып, өртелді. Мьянма билігі халықты жойғысы келеді, ал көрші елдер болса күлкілі квоталарды енгізіп, босқындарды қабылдамай отыр. Гуманитарлық апат болып жатқанын бүкіл әлем көріп отыр, мұның адамзатқа қарсы ашық қылмыс екенін көріп отыр, Бірақ үнсіз! БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериш Мьянма билігін қатаң сөгудің орнына Бангладештен босқындарды қабылдауды сұрап отыр. Қантөгістің себебімен күресудің орнына салдарын талқылап қана отыр. Ал БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хуссейн Мьянма билігін «әлеуметтік желілердегі қатаң риторика мен қоздырушыларды» жазалауды сұрапты. Бұл күлкілі емес пе? Мьянманың буддист билігі рохинья геноцидін қарулы қарсылыққа қарсы күрес деп ақтап отыр. Зорлық кімнің тарапынан болса да, біз оған қарсымыз. Мұнда бір сұрақ пайда болады, тозаққа қудаланып жатқан халыққа басқа қандай таңдау берілді? Шешенстанда біреу түшкірсе бір күнде екі рет мәлімдеме жасайтын ондаған елдің басшылары мен құқыққорғаушы ұйымдар неге үнсіз отыр?», - деп өз қарсылығын білдірді.
Осы оқиғаға байланысты инстаграм әлеуметтік желісінде #аракан және #буддист_террорист хэштегтер саны көбеюде. Сонымен бірге  кей мәліметтерге сүйенсек осы оқиғаға қарсы адамдардың саны 1,5 млрд. жетіпті.
Осы оқиғаның басы қасында жүрген монахтардың бірі Ашин Виратху. Ол 9 жыл терроризмге қатысы болғандығы түрмеге отырып шыққан екен. Ол бір сұхбатында былай деген: «Мұсылмандардың көбісі біздің елімізді, халқымызды, будда дінімізді құртып жатыр». Сонымен бірге ол бүкіл буддистерге үндеу жариялаған. Ол  мұсылмандарға байкот жариялауды ұсынған. Кез келген буддисттің дүкенінде мұсылмандарға азық-түлік сатылмайды екен.  Сонымен бірге Ашин Виратху бір сөзінде мұсылмандардың Құран кітабын оқығандығын да жасырмады.
«Шынымды айтсам, мен Құраннан ешқандай ерекшелікті және өзіме ұнайтын дүниені таппадым», - деген бір сұхбатында.
Мьянмадағы мұсылмандар адам қарауға қорқатын сұмдықты бастан өткеруде. Мұсылмандар туралы айтылған жерде террористік әрекеттер қоса айтылатын еді. Әлемге ең қауіпті адамдар мұсылмандармен байланытырылатын кезде, не үшін Батыс елдері буддисттердің Ислам атын жамылған террористерден де сұмдық іс-әрекетке баруын қалыпты жағдай секілді қабылдап отыр? Буддистер адамдарды тірілей өртеп, тірілей жерге көміп жатыр. Осы оқиғадан кейін оларды террорист деп атауға да ауыз бармайды екен, себебі террористердің өзі дәл осындай сорақылыққа барып адамдарды қорламаған шығар.

Қамшы.кз сайты
ҚОҒАМ 04 қыркүйек 2017 г. 758 0