Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әуесқой бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Қайрат Ерәлиев 2017 жылғы әлем чемпионы атанды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қайрат Ерәлиев америкалық боксшы Дюк Раганмен кездескен болатын. Қазақстандық боксшы бұл жолы да осы турнир бойы көрерменді сүйсінткен әдемі бокс көрсетіп, қарсыласынан басым түсті.
Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Ерәлиевке берді.
Бүгін Қазақстан құрамасынан тағы екі боксшы алтын медаль үшін таласады. Олар 75 келіге дейін салмақта украин Александр Хижнякпен бокстасатын Аманқұл Әбілхан мен 91 келіден жоғары салмақта әзірбайжан Магомедрасул Меджидовпен кездесетін Қамшыбек Қоңқабаев.