Қызылордалық спортшылар Азия чемпионатынан 4 медаль иеленді

Тәжікстанның Душанбе қаласында әмбебап жекпе-жектен ерлер мен әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз табысты өнер көрсетті. Қазақстан құрама командасы 11 медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Еліміздің спортшылары  7 алтын алса, оның үшеуін жерлестеріміз еншіледі.
Атап айтсақ, 55 келі салмақта сынға түскен байқоңырлық Әліби Қалила, Арал ауданының тумасы 80 келіде Әліби Болатұлы мен 85 келіде байқоңырлық Мақсат Садығұловтар Азия чемпионы атанып, еліміздің абыройын асқақтатты. Үш спортшы да жеңістеріне орай ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Ал 65 келіде Байқоңыр қаласының спортшысы Ерсұлтан Аблахатов қола жүлдені иеленді.
Спортшыларды дайындаған бапкерлері: ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Олжас Акимов, Нұрбек Жармаханов және Қазыбек Алтруов.
Айта кетейік, спортшылар үстіміздегі жылдың қараша айында Мәскеуде өтетін Әлем чемпионатына дайындалады.
ҚОҒАМ 02 қыркүйек 2017 г. 569 0