Мемлекетіміз бен еліміз егемендігін алып, өздігімен ел болып дамып келе жатқанына көп уақыт өткені жоқ.
Қазіргі таңда Республикамыз, тату-тәтті өмір сүріп жатқан еліміз, құлан байтақ жеріміз бар.
Осы егеменді еліміздің жер аумағын, келешек ұрпақтар үшін деп ата-абаларымыз найзаның ұшы, білектің күшімен, қаншама қиындықтарды бастан кешірсе де мойымай сақтап қалған.
Өткенімізге үңілсек, елдің ертеңі мен келешегіне араға түскен, намысқа соның ішінде жерім, елім - деп, ұрпақ үшін қаншама ата - бабаларымыз, қырағылық пен намыс әрі өжеттілік ұстанымдарын алға қойып мойымай, шыбын жанын қиып, осы қалпында бізге қалдырған.
Осы жер мен елдің тұтастығын, тыныштығын қорғау Республикамыздың Қарулы күштерінің әскери қызметшілеріне жүктелген.
Бүгінгі қоғамымызда қылмыстың сан-алуан түрі, оны жасайтын қылмыскерлердің де неше түрі кезедесетіні бәрімізге мәлім.
Қылмыстық іс-әрекеттен мемлекетімізбен қорғалатын мүдделер бұзылып қана қоймай, бұл іс-әрекеттер адамдардың жеке басына, мемлекетімізге, еліміздің заңды тұлғаларына елеулі зардабын тигізеді.
Ал, Ел қорғау қызметінде жүрген, өзінің қызмет бабы бойынша қылмысты жасамақ түгілі оның алдын-алып, басқа адамдарға өзінің тәртібімен үлгі болуға тиіс азаматтардың қылмыс жасауының, қоғамымызға төндіретін қауіпі орасан.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарына шақырылған әрбір азамат, Қазақстан Республикасы Конституциясы және Заңдарын, жалпы әскери Жарғылардың талаптарын қатаң сақтап, елімізге шексіз қызмет етуге ант қабылдайды.
Әскери қызметтің қиындығына төзімділік көрсетіп, өзіне жүктелген міндеттерді орындағаны үшін, мемлекетіміз оларды өмірге қажетті материалдық, тұрмыстық жағдайлармен толық қамтамасыз етеді.
Республикамыздың Қарулы күштері бүгінгі таңда, ел мен мемлекеттер арасындағы қауіпсіздік пен тыныштықтың сақталу бағытында қызметін абыроймен атқаруда.
Бірақ, «Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді» дегендей, кейбір әскери қызметшілеріміздің жауапсыз да, адам санасына симайтын қарын ашатын жағдайларды жасауы Еліміздің бүкіл Қарулы күштерінің атқарып отырған орасан қызметін көк тиынға теңейді.
Мысалы ретінде айтсақ, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде, Шекара қызметінің 2019 әскери бөлімінің әскери қызметкерлерінің қару-жарақпен жұмыс істеу қағидаларын, және Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі қағидаларын бұзу салдары жас өспірімнің өліміне әкеліп соққаны бәрімізге белгілі болған жайт.
Салауатты да саламатты мына заманымызда әскери қызметкерлеріміздің жауапсыздығы, кейбір отбасыларымыздың адам жоғалтуы, оның ішінде келешігіміз деп отырған бүлдіршіндеріміздің өмірі, орны толмас ауыр жағдайда қиылып жатқанын көрсетеді.
Ағымдағы жылы осы әскери қызметкерлерге қатысты басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен, қылмыстық іс сотта қаралып, олар заң аясында тиісті жазаларын алған.
Бұдан бөлек, осы жылы гарнизон әскери қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстар да тіркелген болатын.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың ақпан айында Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бөлім бастығы аға лейтенант С.Галымжан, азамат «Б»-ны әскери-техникалық мектепке оқуға кезектен тыс түсіру мәселесін шешу үшін 80 000 теңге көлемінде пара алғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған.
Шымкент гарнизоны әскери сотының үкімі негізінде С.Галымжан, пара алғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366 бабының 1-ші бөлігімен айыпты деп танылып, оған 4 000 000 теңге көлемінде айыппұл салу жазасы тағайындалған.
Қосымша жаза ретінде, сот үкімі негізінде С.Галымжанға аға лейтенант әскери шенінен айыру жазасы да тағайындалған.
Бұдан бөлек осы жылы, облыс аумағында, басқа гарнизоннан демалысын өткізу үшін келген әскери қызметкердің, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, салдарынан абайсызда адам өліміне әкеліп соққан әрекеттер жасау деректері де орын алған.
Нақтырақ айтқанда, осы жылдың наурыз айында Атырау қаласындағы Шекара қызметінің 2016 әскери бөлімінің әскери қызметкері Е.Арман кезекті демалысын Қазалы ауданы Абай ауылында өткізу үшін келіп, жолдастарымен ауыл клубының қазандығы ғимаратында спирттік ішімдіктер ішіп отырып, осы ауыл тұрғыны Н.Полатпен сөзге келіп, оның бас тұсына жұдырығымен екі рет соққы берген. Соққы салдарынан Н.Полатқа ауыр дене жарақаттары келтіріліп, ол оқиға орнында қаза тапқан.
Шымкент гарнизоны әскери сотының үкімі негізінде, осы қылмысы үші Е.Арман Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106 бабының 3-ші бөлігімен айыпты деп танылып, оған сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Аталған әскери қызметшілер бүкіл мемлекеттік органдардың, оның ішінде Бас әскери прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Қорғаныс министірлігінің құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында атқарылып отырған орасан шаралардың барлығына қарамай жасауы, олардың қандай әскери қызметкерлер екенін көрсетеді.
Әрбір әскери қызметкермен жасалған қылмысты талдап қарасақ, оның жасалуы әскери қызметкердің белгіленген тәртіпті бұзуымен ұштасқанын көреміз. Ал, Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай - «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» - деп, белгіленген тәртіптің үлкен-кішісі жоқтығын, әскери қызметкердің тәртіп бұзуының салдары осындай жағдайлармен ұштасып кету мүмкіндігін әрдайым есте сақтауымыз абзал.
А.Айтубаев.
Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры,
әділет майоры.