Қазақстан халқы үшін 30 тамыз – Конституция күнінің мәнісі зор, маңызы аса қымбат! Себебі, тарих беттеріне көз жүгіртсек, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігі батырда, қайсар бабаларымыздың күш – жігерімен, данышпандылығының арқасында келгені ақиқат.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына 1998, 2007, 2011 және 2017 жылдары елеулі өзгерістер енгізілді.
Ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні президент Н.Назарбаев халыққа үндеу жариялады. Үндеуде мемлекеттік басқаруға енгізілетін өзгерістердің мәнін түсіндіріп, өзгерістерді жүзеге асыру үшін Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттілігі бар екенін айтты. Қаңтар айының 26-сы күні Ата заңға енетін өзгерістер мәлім болып, 26 ақпанға дейін жалпыхалықтық талқылауға шығарылды. Талқыға шығарылған жобада қолданыстағы Конституцияның 19 бабына өзгеріс енгізілген. Өзгерістердің басым көпшілігі билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді бөлу мәселелеріне бағытталды
Конституцияда, прокуратура органдарына да арналған заңға өзгерістер енгізілгені жөнінде де тоқталып кеткеніміз абзал.
Қазақстан Республикасының Конституцияның 83-баптың 1-тармағында «Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады» - делінген.
Осы тұста кез-келген мемлекеттің қуаты мен жауапкершілігі заңдылық пен тәртіпке негізделетіні белгілі. Ал жауапты да абыройлы міндет құқық қорғау оның ішінде Прокуратура органдарына жүктелген.
Кеңестік дәуірде Қазақстан прокуратурасы жазалаушы орган ретінде түсінік қалыптасқан болса, ал тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің прокуратурасының мазмұны мен атқаратын міндеті жаңаша мағынаға ие болды.
Әскери прокуратураның атқаратын қызметі санқырлы. Басты атқаратын функциясы – еліміздің азаматтарының құқығын қорғау үшін құрылған, олардың құқықтарына қатысты заңбұзушылықтардың алдын-алу басым-бағыты болып саналатын көп арналы жүйенің пәрменді бөлшегі ретінде танылады. Сонымен қатар, қылмысқа қарсы күресте құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру.
Ата заңда көрсетілген заң бағытында және Отан алдында қабылданған антқа адал қызмет атқара білетін, Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының тиісті бұйрығана сәйкес, 2003 жылы мамыр айының 5 жұлдызында құрылған. Алғаш, 2003-2005 жылдары Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры болып, әділет подполковнигі Ж. О. Ерекешов тағайыдалды. 2005-2011 жылдары әділет подполковнигі С.Қ. Рашқалиев, 2011- әділет подполковнигі Қ.С. Бердалин, 2015-2017 жылдары әділет подполковнигі Е.Ә. Сыбанбаев, 2017 жылдан бастап, әділет майоры Қ.Ж.Рахматулин қызмет атқаруда. Ұжымда білікті де білімді өз саласының шебер офицерлері қызмет атқарып келеді.
Сонымен қатар, облысымызда орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамымен және олардың отбасы мүшелерімен тығыз қарым-қатынаста ауқымды жобалармен, шаралар, ашық есік күндері ұйымдастырылады. Әскери прокуратураның кезекшілік қызметі 24 сағат бойы үздіксіз оперативті тұрғыда қоңырауды қабылдайды. Атқаратын жұмыстың тағы бір басты міндеті, әскери бөлімдерде орналасқан мемлекеттік рәміздердің орналасуы қатаң тәртіпте қадағаланып отырады.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың мына бір қанатты сөзінде «Конституцияны қатаң ұстану-бұл мемлекеттің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімінің негізі. Олай бойынша өмір сүру бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтеуге тиіспіз.
Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің тарихмызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек» - деген.
Ендеше еліміздің берік қалқаны болатын әскери қызметшілер, заңға қайшы келетін құқықбұзушылық салдарынан аулақ болсын – деген ниетпен, ел іргесі аман, келешегіміз кемел болып, Ата заңымызың абыройы асқайтай берсін!
Бақытжан Нұрмаханбетов.
Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының прокуроры,
әділет капитаны.