БІЗ БІР КОМАНДАМЫЗ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филилы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің барлық қалалық, аудандық, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық», «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техниканы тексеру орталығы» қызметкерлері «Біз бір командамыз!» тақырыбында бірлескен корпоративтік тимбилдинг ұйымдастырды.
Тимбилдинг мақсаты - команда құру, белсенді корпоративтік демалыс, бағытталған ұжымның бірігуі. Департменттердің бір-бірімен ішкі дамыту ұжымдағы қарым-қатынас, жылдам шешім қабылдауға, команда да көшбасшылық қасиеттерді дамыту бастамаларымен ұжымда жалпы түсіністік арқылы корпоративтік рухты көтеру.
Ұжым арасында ауызбіршілік пен қызметкерлер арасындағы тиімді қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілген іс-шара да департамент қызметкерлері спорттық ойындар, арқан тартыс, теннис, жүзу, психологиялық ойындар, би билеу мен спорттық ойындармен сынға түсті. Сондай–ақ ұжымдық бірлескен түрде флешмоб билеп, бір ұранмен қызметтерін ұштастырды.
Қазіргі уақытта тимбилдинг толыққанды даму мен өзара қарым-қатынаста тиімді құрал ретінде корпоративті менеджменттің перспективті моделіне айналуда.

Гүлнәз БАДРАҚОВА.
ҚОҒАМ 28 тамыз 2017 г. 831 0