Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 23 тамызы күні Қызылорда облысының Жалағаш, Қармақшы аудандарында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерді қалыптастыру жолдары» тақырыбында аудан тұрғындарымен қоғамдық тыңдау өткізілді.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 2017 жылғы 31 қаңтардағы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының Бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.
Қоғамдық тыңдауды «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Жандос Тұсмағамбетов және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Бағдат Ізкенов жүргізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жасалып жатқан жұмыстар бойынша тоқталып өтті.
Шара барысында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит депаратаментінің бас маманы, мемлекеттік аудитор Жеңіс Қалиев және Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы Алтынай Қуандық сыбайлас жемқорлық алдын алу бойынша ақпараттар берді және де қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша таратпа материалдарын үйлестіріп, олар тарапынан қойылған сауалдарына тұщымды жауаптарын берді.
Семинарға аудан тұрғындары және жастары, мемлекеттік қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, бюджеттік сала мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.
Бұл бағыттағы семинарлар алдағы уақытта облыстың аудан орталықтарында өз жалғасын табатын болады.